«Мұнай және уран өндіру» саласындағы кәсіпкерлік қызметтегі «таза парақтан» реттеу шеңберінде әзірленген НҚА жобасы

Хабарлама
Қазақстан Республикасы Энергетика министрлігі ««Көмірсутектерді барлауды және (немесе) өндіруді жүргізу кезінде пайдаланылатын теңіз объектілерін теңізде және ішкі су айдындарында құру, орналастыру және пайдалану қағидаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Энергетика министрінің 2018 жылғы 28 сәуірдегі № 151 бұйрығына өзгеріс енгізу туралы» бұйрығының жобасын ресми интернет-ресурсында және «Ашық НҚА» интернет-порталында орналастырылғанын хабарлайды.
Осыған байланысты Министрлік аталған жобаны талқылауға шақырады.
Жоба ашық нормативтік құқықтық актілердің интернет-порталында және Министрліктің интернет-ресурсында орналастырылды.
(сілтемелерhttps://legalacts.egov.kz/npa/view?id=14466513,
https://www.gov.kz/memleket/entities/energo/documents/details/448247?lang=kk )