БАСПАСӨЗ ХАБАРЛАМАСЫ

Қазақстан Республикасының Энергетика министрлігі (бұдан әрі – Министрлік) тұрмыстық баллондарда өткізілетін сұйытылған мұнай газын таңбалау және оның қадағалануын қамтамасыз ету мәселелері бойынша реттеушілік әсерді талдау (бұдан әрі – РӘТ) орналастырылғаны туралы хабарлайды.
Министрлік аталған жобаның сұйытылған мұнай газы айналымының ашықтығын арттыруға, оның айналым қауіпсіздігін қамтамасыз етуге, сондай-ақ халыққа жеткізу және өткізу процестеріне бақылауды күшейтуге бағытталғанын хабарлайды.
РӘТ әзірлеу тұрмыстық баллондарда өткізілетін сұйытылған мұнай газын есепке алу және қадағалау жүйесін жетілдіру қажеттілігімен, сондай-ақ рұқсат етілмеген айналым тәуекелдерін төмендету және өнеркәсіптік қауіпсіздік деңгейін арттыру қажеттілігімен негізделген.
Талдау шеңберінде өнімді таңбалау жүйесін енгізуді қоса алғанда, газдың өндірушіден түпкілікті тұтынушыға дейінгі бүкіл жолын бақылауға мүмкіндік беретін ықтимал реттеушілік тәсілдер қарастырылды.
Осыған байланысты Министрлік аталған жобаны талқылауға қатысуға шақырады. Талқылау 2026 жылғы 30 сәуір күні сағат 16:00-де бейнеконференция арқылы өтеді.
Талқылауға қатысу үшін 2026 жылғы 20 сәуірге дейін a.zhakupova@energo.gov.kz электрондық поштасына қатысушылардың кандидатураларын (толық аты-жөні, жұмыс орны, лауазымы, сондай-ақ ұялы телефон нөмірі көрсетіле отырып) жолдау қажет.
Қосымша сұрақтар туындаған жағдайда 786837, 786985, 8 701-621-08-81 телефон нөмірлері арқылы хабарласуыңызды сұраймыз.
Жоба ашық нормативтік құқықтық актілердің интернет-порталында және Министрліктің интернет-ресурсында орналастырылған (сілтеме: https://legalacts.egov.kz/npa/view?id=15795025).