Энергетика министрлігі Ішкі аудит басқармасының 2025 жылғы ішкі мемлекеттік аудит қорытындылары бойынша жылдық есебі.

ҚР Энергетика министрінің 2024 жылғы 20 желтоқсандағы №474 бұйрығымен бекітілген 2025 жылға арналған аудит объектілерінің тізбесіне сәйкес 2025 жылы 6 аудиторлық іс-шара өткізілді.
Аудиторлық іс-шаралармен жалпы сомасы 45 301,7 млн.теңгеге мемлекет қаражатының/активтерінің көлемі қамтылды. Белгіленген бұзушылықтар сомасы - 20 062,8 млн.теңге,оның ішінде қаржылық -114,0 млн.тенге (қалпына келтірілді және өтелді-114,0 млн.теңге), және рәсімдік сипаттағы бұзұшылықтар- 19 947,8 млн.тенге.
Аудит объектілерінің қызметіндегі негізгі бұзушылықтар мен кемшіліктер ретінде бюджет және өзге де заңнама нормалары мен ішкі нормативтік құжаттардың сақталмағаны байқалады.
Ішкі бизнес-процестерді және сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызметті ұйымдастыруда кемшіліктер бар. Жекелеген ішкі нормативтік құжаттар қолданыстағы заңнамаға сәйкес келтірілуге тиіс.
Аудиторлық іс-шаралардың қорытындысы бойынша аудит объектілеріне жіберілген бұзушылықтар мен кемшіліктерді жою және қызмет тиімділігін арттыру бойынша 22 ұсыным жолданды, оның 19-ы орындалды. Жол берілген бұзушылықтар үшін 2 лауазымды тұлға әкімшілік жауапкершілікке тартылды.
Ұсынымдардың орындалуы ішкі аудит басқармасының тұрақты бақылауында.