Курчатов қаласында конденсациялық электр станциясының құрылысы жобасы бойынша пайдалануға жаңадан берілетін генерациялайтын қондырғыларды салуға тендер қорытындысы

Курчатов қаласында конденсациялық электр станциясының құрылысы жобасы бойынша пайдалануға жаңадан берілетін генерациялайтын қондырғыларды салуға тендер қорытындысы

Тендерлік комиссия отырысының қорытындысы бойынша «Электр энергетикасы туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 5-бабы 67) тармақшасына сәйкес, Курчатов қаласында қуаты 700 МВт конденсациялық электр станциясының құрылысы жобасы бойынша жаңадан пайдалануға берілетін генерациялайтын қондырғыларды салуға арналған тендер жеңімпазы – «ГРЭС Курчатов» ЖШС айқындалды.

Жаңадан пайдалануға берілетін генерациялайтын қондырғыларды салуға тендер қорытындыларын шығару және өтінімдерді ашу, қарау жөніндегі тендерлік комиссия отырысының хаттамасы Министрліктің интернет-ресурсында келесі сілтеме бойынша жарияланды: https://www.gov.kz/memleket/entities/energo/documents/details/951038?lang=kk .

«Пайдалануға жаңадан берілетін генерациялайтын қондырғыларды салуға арналған тендер жеңімпазын айқындау туралы» ҚР Энергетика Министрінің бұйрығы Министрліктің интернет-ресурсында келесі сілтеме бойынша жарияланды: https://www.gov.kz/memleket/entities/energo/documents/details/951033?lang=kk .