БиоЭС жобаларын іріктеу бойынша қайталама аукциондық сауда-саттықтар өткізу туралы хабарландыру

БиоЭС жобаларын іріктеу бойынша қайталама аукциондық сауда-саттықтар өткізу туралы хабарландыру

Қазақстан Республикасының Энергетика министрлігі (бұдан әрі – Министрлік) 2023 жылғы 1 қыркүйектегі № 13 хаттамаға сәйкес қуаты 20 МВт БиоЭС жобаларын іріктеу бойынша аукциондық сауда-саттық өткізілмеді деп жарияланғанын хабарлайды.

Осыған байланысты, Министрлік 2025 жылғы 10 ақпанда сағат 15:00-де өтетін қайталама аукциондық сауда-саттықтардың өткізілетіні туралы хабарлайды және барлық мүдделі тұлғаларды қатысуға шақырады.

Мүдделі Тараптар Министрліктің (https://www.gov.kz/memleket/
entities/energo/activities/population?lang=kk
), «Жаңартылатын энергия көздерін қолдау жөніндегі есеп айырысу-қаржы орталығы» ЖШС (https://rfc.kz/res-sector/auctions/selection-of-res/) және «ЭҚРҚО» АҚ (https://auction.korem.kz/) ресми сайттарынан түсініктеме сұрата алады.

БиоЭС жобаларын іріктеу бойынша қайта аукционға қойылған жалпы белгіленген қуат 20 МВт құрайды.