Екібастұз қаласында (Солнечный кенті) конденсациялық электр станциясын салу жобасы бойынша жаңадан пайдалануға берілетін генерациялайтын қондырғылардың құрылысы бойынша тендер қорытындысы

Ағымдағы жылғы 15 қазанда тендерлік комиссия отырысының қорытындысы бойынша Екібастұз қаласында (Солнечный кенті) конденсациялық электр станциясын салу жобасы бойынша жаңадан пайдалануға берілетін генерациялайтын қондырғылардың құрылысына тендер өткізілмеді деп танылды.
«Электр энергетикасы туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 15-6-бабының 7-тармағына сәйкес, әлеуетті инвесторлар екеуден аз болуына байланысты, жаңадан пайдалануға берілетін генерациялайтын қондырғыларды салуға арналған тендер өткізілмеді деп танылды.
Жаңадан пайдалануға берілетін генерациялайтын қондырғылардың құрылысына арналған тендер қорытындыларын шығару және өтінімдерді ашу жөніндегі тендерлік комиссия отырыстарының хаттамасы Министрліктің интернет-ресурсында жарияланды (https://www.gov.kz/memleket/entities/energo/documents/details/911175?lang=kk ).