Қазақстан Республикасының Энергетика министрлігінің сайтында хабарландыру қоғамдық тыңдауларға 2025 жылғы 22 қыркүйек күні сағат 15.00, онлайн түрде мүдделі тараптар үшін

Қазақстан Республикасының Энергетика министрлігінің сайтында хабарландыру қоғамдық тыңдауларға 2025 жылғы 22 қыркүйек күні сағат 15.00, онлайн түрде мүдделі тараптар үшін

2023 жылғы 28 наурызда Қазақстан Республикасы Үкіметінің №260 қаулысымен Қазақстан Республикасының 2023-2029 жылдарға арналған отын-энергетикалық кешенін дамыту тұжырымдамасы бекітілді. Бұл құжат барлық мүдделі тараптардың: қоғамның, БАҚ-тың, компаниялар мен мемлекеттік органдардың заңнамада белгіленген тәртіпте талқылауынан кейін қабылданды.

Тұжырымдамаға сәйкес 2022-2024 жылдар аралығында жанар-жағармай материалдарын өндіру және бөлу жүйесін реформалау бойынша кешенді іс-шаралар жүргізілді.

Қалған іс-шаралардың бірі – халық үшін әлеуметтік маңызы бар және сұранысқа ие мұнай өнімдерінің, мысалы АИ-92 автобензині, К4 санатындағы дизель отыны, шағын тоннажды химия өнімдері – еріткіштер, жуғыш құралдар және т.б. өндіріс көлемін мұнай өңдеу зауыттарында 45%-ға дейін жеткізу қажеттілігі болып табылады (реформа 6, іс-шара 40, жауапты орындаушылар – Энергетика және Ұлттық экономика министрліктері, «ҚазМұнайГаз» ҰК АҚ және «Kazenergy» қауымдастығы).

Аталған мәселе соңғы 2 жыл бойы талқыланып келеді.

Шағын тоннажды мұнай өңдеу зауыттары мемлекеттік қолдау жағдайында өндірісті дамытуға дайын екендігін 2025 жылғы 5 қыркүйекте «Атамекен» ҰКП-да өткен кеңесте шағын МӨЗ өкілдері, Бас прокуратура, Энергетика және Ұлттық экономика министрліктері, облыс әкімдіктері талқылады.

Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрінің 2015 жылғы 26 желтоқсандағы №12517 «Реттеушілік ықпал етуді талдау қағидаларын бекіту туралы» бұйрығына сәйкес қоғамдық тыңдаулар өткізу, сондай-ақ пікірлерді, ұсыныстарды және ескертулерді алу қажет.

Zoom-сілтеме

Қоғамдық тыңдаулардың хаттамасы Қазақстан Республикасы Энергетика министрлігінің сайтында орналастырылады.

https://us05web.zoom.us/j/81531816139?pwd=jv8oEED4jjA7bmY1VlZScRoZ1JWiaw.1

Идентификатор конференции: 815 3181 6139
Код доступа: 12345!