«Тасымалдауға және (немесе) пайдалануға дайындалған табиғи жанғыш газдың қауіпсіздігі туралы» ЕАЭО 046/2018 ТР-ге өзгерістер енгізілді

Еуразиялық экономикалық комиссия Кеңесінің 2025 жылғы 23 мамырдағы № 38 шешімімен Еуразиялық экономикалық одақтың «Тасымалдауға және (немесе) пайдалануға дайындалған табиғи жанғыш газдың қауіпсіздігі туралы» (ЕАЭО 046/2018 ТР) техникалық регламентіне өзгерістер енгізілді.
Өзгерістермен өнімнің сәйкестігін бағалау рәсімдері оңтайландырылған, кейбір терминдер мен формулалар нақтыланады, табиғи газды паспорттау мақсатында сынақтар жүргізу үшін ағынды (өнеркасіптік) өлшеу құралдарын пайдалану мүмкіндігі қарастырылған, қауіпсіздікке әсер етпейтін көрсеткіштер алынып тасталды.
Техникалық регламенттің қолдану саласы нақтыланды, одан өндірушінің өз қажеттіліктері үшін пайдаланылатын өнім алынып тасталған, сондай-ақ Одақтың кедендік аумағы арқылы шетелдік өндірілген газды үшінші елдердің тұтынушыларына сәйкестікті бағалаусыз тасымалдау мүмкіндік көзделді.
Қазақстан Республикасының Энергетика министрлігі Қазақстан Республикасынан өзгеріс жобасын әзірлеуге қатысатын мемлекеттік билік органы болды.
ЕАЭО 046/2018 ТР өзгерістер мәтінімен Еуразиялық экономикалық комиссияның ресми сайтта https://docs.eaeunion.org/upload/iblock/067/32plzc0gdnwftwrzkve6qrm2t621b68b/Reshenie-Soveta-_-38-ot-23-maya-2025-goda.pdf сілтеме бойынша танысуға болады.