Мемлекеттік бақылау және қадағалау жүйесін толық автоматтандыруды аяқтау жөніндегі Мемлекет басшысының тапсырмасын орындау мақсатында әзірленген НҚА жобасы

Хабарлама
Қазақстан Республикасы Энергетика министрлігі «Көмірсутектер саласында жер қойнауын пайдалану бойынша операцияларды жүргізу кезіндегі тәуекел дәрежесін бағалау өлшемшарттарын және тексеру парақтарын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Энергетика министрінің 2018 жылғы 23 қарашадағы № 453 және Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрінің міндетін атқарушының 2018 жылғы 23 қарашадағы № 77 бірлескен бұйрығына өзгерістер енгізу туралы бұйрығының жобасын ресми интернет-ресурсында және «Ашық НҚА» интернет-порталында орналастырылғанын хабарлайды.
Осыған байланысты Министрлік аталған жобаны талқылауға шақырады.
Жоба ашық нормативтік құқықтық актілердің интернет-порталында және Министрліктің интернет-ресурсында орналастырылды.
(сілтемелер: https://legalacts.egov.kz/npa/view?id=14485815, https://www.gov.kz/memleket/entities/energo/documents/details/454025?lang=kk)