Онлайн қабылдау
Электрондық өтініштер
Осы сервистің көмегімен кез келген мемлекеттік органға өтініш жазуға болады. Жүйе Сіздің өтінішіңіздің мекен жайға жетуіне 100% кепілдік береді және оны жіберу кезеңінен бастап жауапты алуға дейін өтінішті қарау мәртебесін қадағалауға мүмкіндік береді.
Қабылдауға жазылу
Халықпен кері байланыс орнату, анықталған мәселелерге уақытылы ден қою және қабылданған шаралар мен бастамаларды тиімді басқару үшін көмек береді. Сондықтан осы бетте Сіздің сұрағыңызды талқылау үшін бізбен жедел байланыс орнатуға мүмкіндік беретін сервистер жинақталды. Мұнда Сіз электрондық өтініш жазуға, мемлекеттік органның бірінші басшысының блогына сұрақты жолдауға және оған немесе оның орынбасарына жеке қабылдауға жазыла аласыз.
Жиі қойылатын сұрақтар
Барлығын көру«Мұнай өнімдерінің жекелеген түрлерін өндіруді және олардың айналымын мемлекеттік реттеу туралы» Қазақстан Республикасының 2011 жылғы 20 шілдедегі Заңының 17-бабы 4-тармағының негізінде Министрлік мұнай өнімдерін көтерме саудада өткізу жөніндегі қызметті жүзеге асырудың басталғаны немесе тоқтатылғаны туралы хабарлама берген субъектілердің тізілімін жүргізеді.
Қызметті жүзеге асырудың басталғаны (тоқтатылғаны) туралы хабарлама берген субъектілердің тізілімі Қазақстан Республикасының мемлекеттік органдар интернет-ресурстарының бірыңғай платформасында орналастырылған: www.gov.kz → ҚР Энергетика министрлігі → Қызметі → Салалық құжаттар → Тізілімдер → көтерме жеткізушілер тізілімі.
Сондай-ақ, «www.elicense.kz» порталында Қазақстан Республикасының 2014 жылғы 16 мамырдағы «Рұқсаттар және хабарламалар туралы» Заңының 47-бабының негізінде, өтініш берушінің хабарламаны жібергенін растауды рұқсаттар мен хабарламалардың мемлекеттік электрондық тізілімінен алады.
Бұл жағдайда пайдаланылған майларды қайта өңдеу жолымен дизель отынын өндірудің технологиялық процесін сипаттау қажет.
Сонымен қатар, мұнай – газ-химия өндірісі - мұнай мен газды терең өңдеу кезінде жүзеге асырылатын процестердің жиынтығы (алкилдеу, изомеризациялау, пиролиз, дегидрирлеу, гидрирлеу, полимерлеу және т.б.), нәтижесінде көмірсутек шикізаты молекулаларының құрылымына химиялық өзгерістер болады.
Осыған байланысты, дизель отынын өндіруді «Мұнай-химия өндірістерін пайдалану» қызметінің кіші түріне жатқызу өндірістің технологиялық процесінде көмірсутек шикізаты молекулаларының құрылымы химиялық өзгерген жағдайда ғана мүмкін болады.
Сондықтан, қолданылатын технологиялық жабдықты көрсете отырып, дизель отынын өндіру процесі мен технологиясын егжей-тегжейлі сипаттау қажет.
2017 жылғы 25 желтоқсандағы Қазақстан Республикасы Кодексінің 554-бабының 4-тармағына сәйкес):
- лицензия беру кезінде (пайдалану) – 100 АЕК;
-лицензияны және (немесе) лицензияға қосымшаны қайта ресімдеу кезінде (пайдалану) -10 АЕК (немесе 100 АЕК-ден 10%);
- лицензия беру кезінде (жобалау) - 10 АЕК;
- лицензияны және (немесе) лицензияға қосымшаны қайта ресімдеу (жобалау) кезінде -1 АЕК (немесе 10 АЕК-ден 10%) құрайды.
«Рұқсаттар мен хабарламалар туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 16-бабының 1) тармақшасының 3) тармақшасына сәйкес қауіптердің төмен деңгейімен байланысты іс-әрекеттер мен әрекеттер туралы хабарламалар енгізіледі, бірақ мұндай іс-әрекеттер мен әрекеттердің басталуы немесе тоқтатылуы туралы мемлекеттік органдардан ақпарат талап етіледі.
Мұнай өнімдерін көтерме сауда арқылы жеткізуге байланысты қызметті тоқтату туралы хабарлама «электрондық үкіметтің» веб-порталы (бұдан әрі - портал) арқылы ғана беріледі (еgov.kz; elicense.kz). Жеке кабинетте «Менің рұқсат беру құжаттарым» бөліміне кіріп, тізілімнен шығарғыңыз келетін хабарламаны таңдаңыз. Бұдан әрі «қызметті тоқтату» дегенді басыңыз.
Өтінім беру кезінде қандай да бір сұрақтар туындаған жағдайда 1414 нөмірі бойынша «Ұлттық ақпараттық технологиялар» АҚ Call-center-ге хабарласу қажет.
ҚР «Рұқсаттар және хабарламалар туралы» Заңының 52-бабы 1-тармағына сәйкес осы Заң қолданысқа енгізілгенге дейін қолданылған және рұқсаттар мен хабарламалар тізбелеріне енбеген рұқсаттар мен хабарламалардың болуы міндетті болып табылмайды және осы рұқсаттарсыз және хабарламаларсыз қызметті немесе әрекеттерді (операцияларды) жүзеге асыру жеке немесе заңды тұлғалар үшін жауаптылыққа әкеп соқпайды.