ТҮКШ

  Ауылдық округінің  су құбыры желілерінің жалпы ұзындығы 76,5 км құрайды,  округте  жалпы саны 33,1 мың адамнан асатын 4 елді мекен бар және 49 саяжай бар. Орталықтандырылған сумен 4 елді мекен қамтамасыз етілген, бұл 99,8% . Халықты сапалы ауыз сумен қамтамасыз ету мәселесін кезең-кезеңмен шешу мақсатында ағымдағы жылы Рахат және Қайназар  су құбыры желілерін қайта жаңарту мен салуға жобалық құжаттама әзірленуде .

Электр желілерінің жалпы ұзындығы-140 км,  39 трансформаторлық қондырғы бар,   трансформаторлар АЖК меншігінде.

Рахат және Қайназар ауылдарындағы газдандырудың 4 елді мекенінен бүгінгі таңда абоненттермен газ құбырларына 615 шарт жасалды, оның ішінде газ құбырына 438 абонент қосылды. 2 елді мекенді газдандыру жұмыстары жүргізілуде.

Бүгінгі күні салынған газ құбырларының жалпы ұзындығы 36, 42 км құрайды, округті газдандырумен 1 мекеме айналысады : "Спецстройбранд" (Қайназар, Рахат, Азат), тариф - 32,2 тг. 

Округте  21 пәтерлі 1 көп қабатты үй Қайназар ауылында бар.  

 

 

Жарияланған күні

26 желтоқсан 2022

Жаңарту күні

26 желтоқсан 2022

Қызмет бағыты