
Ауылдық округінің су құбыры желілерінің жалпы ұзындығы 76,5 км құрайды, округте жалпы саны 33,1 мың адамнан асатын 4 елді мекен бар және 49 саяжай бар. Орталықтандырылған сумен 4 елді мекен қамтамасыз етілген, бұл 99,8% . Халықты сапалы ауыз сумен қамтамасыз ету мәселесін кезең-кезеңмен шешу мақсатында ағымдағы жылы Рахат және Қайназар су құбыры желілерін қайта жаңарту мен салуға жобалық құжаттама әзірленуде .
Электр желілерінің жалпы ұзындығы-140 км, 39 трансформаторлық қондырғы бар, трансформаторлар АЖК меншігінде.
Рахат және Қайназар ауылдарындағы газдандырудың 4 елді мекенінен бүгінгі таңда абоненттермен газ құбырларына 615 шарт жасалды, оның ішінде газ құбырына 438 абонент қосылды. 2 елді мекенді газдандыру жұмыстары жүргізілуде.
Бүгінгі күні салынған газ құбырларының жалпы ұзындығы 36, 42 км құрайды, округті газдандырумен 1 мекеме айналысады : "Спецстройбранд" (Қайназар, Рахат, Азат), тариф - 32,2 тг.
Округте 21 пәтерлі 1 көп қабатты үй Қайназар ауылында бар.