ҚР ЕХӘҚМ Әкімшілік жұмыс департаменті мемлекеттік тілді дамыту басқармасының бас сарапшысы

Мемлекеттік орган

Қазақстан Республикасы Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігі

Аймақ

Астана қаласы

Санат

C-4

Орташа лауазымдық айлықақы

138214 - 186526

Жалпы біліктілік талаптары

Жоғары немесе жоғары оқу орнынан кейінгі білім;

Мынадай құзыреттердің бар болуы: стресске орнықтылық, бастамашылдық, жауапкершілік, қызметті тұтынушыға және оны хабарландыруға бағдарлану, адалдық, өздігінен даму, жеделділік, ынтымақтастық және әрекеттестік, қызметті басқару;

Жұмыс тәжірибесі келесі талаптардың біріне сәйкес болуы тиіс:

  1. мемлекеттік лауазымдарда жұмыс өтілі екі жылдан кем емес;
  2. осы санаттағы нақты лауазымның функционалдық бағыттарына сәйкес салаларда үш жылдан кем емес;
  3. Қазақстан Республикасы Парламентінің депутаты мәртебесінде немесе тұрақты негізде қызмет ететін облыс, республикалық маңызы бар қала, астана мәслихатының депутаты мәртебесінде немесе халықаралық қызметкер мәртебесінде қызмет өтілі екі жылдан кем емес;
  4. өкілеттіктерін теріс себептермен тоқтатқан судьяларды қоспағанда, судья лауазымында қызмет өтілі бір жылдан кем емес;
  5. жоғары немесе жоғары оқу орындарынан кейінгі оқу бағдарламалары бойынша Қазақстан Республикасының Президенті жанындағы білім беру ұйымдарында немесе шетелдің жоғары оқу орындарында Республикалық комиссия бекітетін басым мамандықтар бойынша оқуды аяқтауы;
  6. ғылыми дәрежесінің болуы;
  7. Президенттік жастар кадр резервіне алынған тұлғалар үшін жұмыс өтілі бес жылдан кем емес.

Білімге қойылатын талаптар

Жоғары немесе жоғары оқу орнынан кейінгі білім

Мамандығы

  • Қазақ тілі мен әдебиеті
  • Орыс тілі мен әдебиеті
  • Шетел тілі: екі шетел тілі
  • Қазақ тілінде оқытпайтын мектептердегі қазақ тілі мен әдебиеті
  • Халықаралық қатынастар
  • Мәдениеттану
  • Филология
  • Аударма ісі
  • Шетел филиологиясы
  • Журналистика

Функционалды міндеттер

Нормативтік құқықтық актілерге лингвистикалық сараптама жүргізуді қамтамасыз ету,  мемлекеттік тілде құжаттар дайындау кезінде Министрліктің қызметкерлеріне әдістемелік көмек көрсету, латын графикасына көшіру және мемлекеттік тілді дамыту бойынша іс-шараларды іске асыру, басқарма құзыреті шегінде тауарлар мен қызметтерді мемлекеттік сатып алуды өткізуге, сондай-ақ оларға мониторинг жүргізуге, мемлекеттік рәміздер туралы заңнаманың Министрлікте, оның ішінде ведомстволық бағынысты ұйымдарда іске асырылуына қатысу, басқарма құзыретіне кіретін мәселелер бойынша материалдар мен қорытындылар дайындау, Министрліктің орталық аппаратының құзыретіне кіретін ұйымдастырушылық іс-шараларды іске асыруға қатысу, басқарма құзыретіне қатысты хаттарды, сұрауларды, шағымдарды қарау, статистикалық есептер жасау және оларды рұқсат етілген ашық деректерде орналастыру, басқарма құзыретіне кіретін мәселелер бойынша халықаралық тәжірибелерді зерделеу, басқарма құзыретіне кіретін мәселелер бойынша нормативтік құқықтық актілердің жобаларын әзірлеуге қатысу.

Ескертпе

Хабарландыруда көрсетілген лауазымдық айлықақы нақты қызметшінің жұмыс өтіліне байланысты өзгеше болуы мүмкін.

«Қазақстан Республикасының мемлекеттік қызметі туралы» Заңның 28-бабы 3-тармағына сәйкес жалпы конкурсқа қатысуға тесттен алдын ала өткен азаматтар жіберіледі.


Азаматтардың құқықтары мен міндеттері

Жарияланған күні: 29.04.2020

Жалпы конкурс

Құжаттарды қабылдау мерзімі:

30.04.2020 – 13.05.2020
Құжаттар жұмыс уақытында қабылданады

Қажетті құжаттар

  • Тізімᅠ
  • Өтініш үлгісіᅠ
  • Кандидаттың қызметтік тізіміᅠ
Құжаттарды жіберу

Сұхбаттасу күні

19.05.2020

Сұхбаттасу орны

010000, Нұр-Сұлтан қаласы, Министрліктер үйі, Мәңгілік Ел даңғылы, 8, 6 кіреберіс

Анықтама алу үшін байланыс

8 (7172) 74-32-27