Қазақстан Республикасының Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігінің Көші-қон комитеті еңбек көші-қоны басқармасының басшысы, C-3 (1 бірлік)

Мемлекеттік орган

Қазақстан Республикасы Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігі

Аймақ

Астана қаласы

Санат

C-3 (қолданыстағы)

Орташа лауазымдық айлықақы

512004

Жалпы біліктілік талаптары

   С-3 санатының мемлекеттік әкімшілік лауазымдарына мынадай талаптар белгіленеді:

   жұмыс тәжірибесі келесі талаптардың біріне сәйкес болуы тиіс:

   1) жұмыс өтілі бес жылдан кем емес, оның ішінде мемлекеттік органның штат кестесімен көзделген келесі төменгі санаттағы лауазымдарда немесе А-5, B-5,
С-4, C-O-3, C-R-1, D-3, D-O-3, D-R-1, Е-2, Е-R-1 санаттарынан төмен емес лауазымдарда бір жылдан кем емес;

   2) жұмыс өтілі бес жылдан кем емес, оның ішінде орталық не облыстық деңгейдегі құқық қорғау немесе арнаулы мемлекеттік органдардың немесе Қарулы Күштердің немесе әскери оқу орындарының әскери басқару органының жедел-тактикалық деңгейінен төмен емес лауазымдарында немесе судья лауазымында бір жылдан кем емес жұмыс өтілі;

   3) осы санаттағы нақты лауазымның функционалдық бағыттарына сәйкес салаларда кемінде бес жыл жұмыс өтілі.

Білімге қойылатын талаптар

жоғары немесе жоғары оқу орнынан кейінгі білім;

Мамандығы

  • Құқықтану
  • Халықаралық құқық
  • Құқық қорғау қызметі
  • Психология
  • Экономика
  • Еңбекті ұйымдастыру және нормалау
  • Әлеуметтік жұмыс

Функционалды міндеттер

Басқарманың жұмысын ұйымдастырады және басқарады және Басқармаға жүктелген міндеттер мен функциялардың орындалуына дербес жауапты болады; Комитет басшылығының қарауына көші-қон заңнамасын шетелдік жұмыс күшін тарту бөлігінде жетілдіру жөнінде  және Басқарманың жұмысын жетілдіру жөнінде ұсыныстар енгізеді; құзыреті шегінде еңбек көші-қоны саласындағы мемлекеттік саясатты қалыптастыруға және іске асыруға қатысады, оның ішінде шетелдік жұмыс күшін тарту бөлігінде; Басқарманың құзыретіне кіретін мәселелерді талқылау бойынша жұмыс топтарының жұмысына қатысады; Басқарма қызметкерлерінен құжаттарды белгіленген мерзімде орындауды, сондай-ақ бақыланатын құжаттар мен шешімдердің орындалу барысы туралы барлық қажетті мәліметтерді талап етеді; Басқарманың құзыретіне кіретін мәселелер бойынша түсініктемелер мен ұсынымдар береді; белгіленген мерзімде Басқарманың құзыретіне кіретін жеке және заңды тұлғалардың хаттарын, ұсыныстарын, шағымдарын, өтініштерін, сондай-ақ Министрліктің веб-сайтында орналастырылған Басқарманың құзыретіне кіретін мәселелерді уақтылы қарауды қамтамасыз етеді; Басқарманың құзыретіне кіретін құжаттарды сапалы және уақтылы дайындауды ұйымдастырады; еңбек көші-қоны саласындағы Мемлекеттік жоспарлау жүйесінің құжаттарын әзірлейді және іске асырады; өз құзыреті шегінде еңбек көші-қоны саласындағы нормативтік құқықтық, құқықтық актілерді, оның ішінде есепке алу және есеп беру құжаттамасының нысандарын, әдістемелік ұсынымдарды әзірлейді; мүдделі мемлекеттік органдардың, облыстардың, республикалық маңызы бар қалалардың, астананың жергілікті атқарушы органдарының шетелдік жұмыс күшін тартуға квота қалыптастыру жөніндегі ұсыныстарын қарайды; Комитет басшылығына шетелдік жұмыс күшін тартуға квота қалыптастыру және оны облыстар, республикалық маңызы бар қалалар, астана арасында бөлу жөнінде ұсыныстар әзірлейді және енгізеді; еңбек көші-қонын реттеу және мониторингтеу саласындағы шаралар жүйесін әзірлейді; шетелдік қызметкерлердің орталықтандырылған дерекқорын қалыптастырады, «Шетелдік жұмыс күші» ақпараттық жүйесін пайдаланады және олардың тиісті уәкілетті мемлекеттік органдардың ақпараттық жүйелерімен өзара іс-қимылын қамтамасыз етеді; шетелдік жұмыс күшін тартуға қатысты көші-қон процестерінің мониторингін жүзеге асырады; еңбек көші-қоны саласындағы жергілікті атқарушы органдарға әдістемелік басшылықты жүзеге асырады; Комитет басшылығына шетелдік жұмыс күшін тартуға қатысты көші-қон процестері мониторингінің нәтижелерін ұсынады; Қазақстан Республикасында шетелдік жұмыс күшін тартуға квота белгілеу және оны облыстар, республикалық маңызы бар қалалар, астана арасында бөлу қағидаларын әзірлейді; жұмыс берушілерге шетелдік жұмыс күшін тартуға рұқсат беру немесе ұзарту, сондай-ақ корпоративішілік ауыстыруды жүзеге асыру тәртібі мен шартын әзірлейді; уәкілетті мемлекеттік органдармен келісу бойынша маусымдық шетелдік жұмыскерлердің еңбек қызметін жүзеге асыру үшін кәсіптер тізбесін әзірлейді; арнайы экономикалық және индустриялық аймақтардың құрылуы, жұмыс істеуі және таратылуы саласында мемлекеттік реттеуді жүзеге асыратын орталық атқарушы органмен бірлесіп Комиссияның құны бір миллион айлық есептік көрсеткіштен асатын жобалары бар арнайы экономикалық аймақтардың қатысушылары болып табылатын заңды тұлғаларда, сондай-ақ көрсетілген арнайы экономикалық аймақтардың қатысушылары (не олардың мердігерлері) бас мердігер, мердігер, қосалқы мердігер немесе арнайы экономикалық аймақтардың аумағында құрылыс-монтаждау жұмыстарын орындау кезеңінде қызметтерді орындаушы ретінде және объект (объектілер) пайдалануға берілгеннен кейін бір жыл өткенге дейін тартатын ұйымдарда жұмыс істейтін шетелдіктер мен азаматтығы жоқ адамдар санатының тізбесін және санын айқындау қағидаларын әзірлейді; жер қойнауын пайдаланушылардың кадрлардағы елішілік құндылығы бойынша келісімшарттық міндеттемелерді орындауына мониторингті жүзеге асыруға қатысады; еңбекші көшіп келушіге рұқсаттарды беру, ұзарту және кері қайтарып алу қағидаларын әзірлейді; Шетелдікке немесе азаматтығы жоқ адамға өз бетінше жұмысқа орналасу үшін оның біліктілігінің сәйкестігі туралы анықтамалар беру немесе ұзарту қағидаларын, шетелдіктер мен азаматтығы жоқ адамдарды өз бетінше жұмысқа орналастыру үшін басым салалардың (экономикалық қызмет түрлерінің) және оларда талап етілетін кәсіптердің тізбесін  қағидаларын әзірлейді; құзыреті шегінде еңбек көші-қоны саласындағы мемлекеттік органдардың жұмысын үйлестіреді; құзыреті шегінде облыстарда, республикалық маңызы бар қалаларда және астанада көші-қон процестерін реттеудің үлгілік қағидаларын әзірлейді; ғылыми әзірлемелердің басымдықтарын қалыптастырады және айқындайды, ғылыми зерттеулер жүргізуді және құзыреті шегінде еңбек көші-қоны саласында ғылыми сүйемелдеуді үйлестіруді ұйымдастырады; құзыреті шегінде еңбек көші-қоны мәселелері бойынша халық арасында түсіндіру жұмысын ұйымдастырады; құзыреті шегінде еңбек көші-қоны саласында ведомстволық статистикалық байқау жүргізеді; құзыреті шегінде еңбек көші-қоны саласындағы мемлекеттік саясатты іске асыру бойынша қоғамдық бірлестіктермен өзара іс-қимыл жасайды; Қазақстан Республикасының еңбек көші-қоны заңнамасының сақталуына құзыреті шегінде мониторингті жүзеге асырады; өз құзыреті шеңберінде Комитет қызметкерлерімен байланыстарды жүзеге асырады; Басқарманың құзыреті шегінде құжаттарға бұрыштама қояды; Басқарма қызметкерлерінің лауазымдық міндеттерін, Қазақстан Республикасы заңнамасының, еңбек тәртібінің талаптарын және Комитеттің ішкі құқықтық құжаттарын орындауын бақылайды; еңбек тәртібі бойынша бұзушылықтар анықталған жағдайда, сондай-ақ Басқарма қызметкерлерінің лауазымдық міндеттерін орындамағаны немесе тиісінше орындамағаны туралы Комитет басшылығына хабарлайды; Басқарма қызметкерлерінен лауазымдық міндеттерін тиісінше орындамағаны үшін түсініктеме талап етеді; Басқарманың жұмысын жоспарлайды; Комитет төрағасына Басқарма қызметкерлеріне сыйлықақы беру, көтермелеу немесе тәртіптік жаза қолдану туралы жазбаша ұсыным, сондай-ақ ұсыныс енгізеді; Басқармада сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимылға бағытталған шараларды қолға алу; Басқармада Комитет басшылығы мен жоғары тұрған мемлекеттік органдар айқындайтын тапсырмалардың орындалуын қамтамасыз етеді және бақылайды; өз құзыреті шегінде Мемлекет басшысының, Қазақстан Республикасы Президенті Әкімшілігінің және Қазақстан Республикасы Үкіметінің, Министрлік пен Комитет басшылығының тапсырмаларын, сондай-ақ Қазақстан Республикасы Үкіметінің тиісті жылдарға арналған заң жобалау жұмыстарының жоспарларын уақтылы және сапалы орындауды қамтамасыз етеді; Мемлекет басшысының, Қазақстан Республикасы Президенті Әкімшілігінің, Қазақстан Республикасы Үкіметінің, Министрлік және Комитет басшылығының тапсырмаларын орындау жөніндегі материалдар мен ақпаратты дайындайды; Комитетте мемлекеттік және заңмен қорғалатын өзге де құпияны құрайтын мәліметтерді қорғауды қамтамасыз етеді; жеке және заңды тұлғалардың құқықтары мен бостандықтарын, заңмен қорғалатын мүдделерін бұзбай, Қазақстан Республикасының заңнамасын сақтайды; Басқарма қызметкерлеріне тапсырмалар береді; еңбек көші-қоны саласындағы мемлекеттік саясатты қалыптастыруға және іске асыруға қатысады; еңбек көші-қоны саласындағы бағдарламаны әзірлейді және іске асырады; Комитет басшылығы жүктеген өзге де функцияларды жүзеге асырады.

Ескертпе

Хабарландыруда көрсетілген лауазымдық айлықақы нақты қызметшінің жұмыс өтіліне байланысты өзгеше болуы мүмкін.


Азаматтардың құқықтары мен міндеттері
Тестілеу бағдарламалары

Жарияланған күні: 25.06.2026

Ішкі конкурс

Құжаттарды қабылдау мерзімі:

26.06.2026 – 30.06.2026
Құжаттар жұмыс уақытында қабылданады

Қажетті құжаттар

  • Тізімᅠ
  • Өтініш үлгісіᅠ
Құжаттарды жіберу
Файлдардың рұқсат етілген мөлшері: 25 мб

Сұхбаттасу орны

Астана қаласы, Мәңгілік ел даңғылы, 8-үй, 6 кіреберіс, қажет болған жағдайда техникалық жазба құралдарын қолдануымен өткізіледі (ZOOM бағдарламасы)

Анықтама алу үшін байланыс

8(7172)743778