Қазақстан Республикасының Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігі Әкімшілік департаменті құжат айналымын бақылау және редакциялық жұмыс басқармасының бас сарапшысы, C-4 (1 бірлік)

Мемлекеттік орган

Қазақстан Республикасы Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігі

Аймақ

Астана қаласы

Санат

C-4 (қолданыстағы)

Орташа лауазымдық айлықақы

327923

Жалпы біліктілік талаптары

   С-4 санатының мемлекеттік әкімшілік лауазымдарына мынадай талаптар белгіленеді:       

   жұмыс өтілі екі жылдан кем емес.

Білімге қойылатын талаптар

жоғары немесе жоғары оқу орнынан кейінгі білім;

Мамандығы

  • Тілдер және әдебиет бойынша мұғалімдерді даярлау
  • Әлеуметтік ғылымдар, журналистика және ақпарат (білім беру саласы)
  • Бизнес және басқару
  • Құқық
  • Математика және статистика
  • Әлеуметтік жұмыс

Қосымша талаптар

гуманитарные науки

Функционалды міндеттер

Қызметтік құжаттармен жұмыс істеудің бірыңғай тәртібін сақтауды ұйымдастыру, қызметтік құжаттарды есепке алуды, қабылдауды, тіркеуді, бөлуді жүзеге асыру, жоғары тұрған органдардың бақылау тапсырмаларының орындалу барысын мониторингтеу және талдау, орындаушы бөлімшелерге бақылау директивалық құжаттарының, қызметтік хаттардың орындалу мерзімдері туралы ескертулерді уақтылы жіберу, жоғары тұрған органдарға және Министрлік басшылығына ұсыну үшін орындаушылық тәртіптің жай-күйін талдау, оның ішінде аппараттық кеңестерге, Министрліктің мұрағаттық құжаттарымен және мұрағатымен жұмысты ұйымдастыру, басқарманың құзыреті шегінде тауарлар мен қызметтерді сатып алу бойынша мемлекеттік сатып алуды өткізуге қатысу, басқарманың құзыретіне кіретін мәселелер бойынша материалдар мен қорытындылар дайындау, басқарманың құзыретіне кіретін ұйымдастыру іс-шараларын іске асыруға қатысу, жеке және заңды тұлғалардың өтініштерін қарау, басқарманың құзыретіне қатысты статистикалық есептерді жасау және оларды рұқсат етілген ашық деректерге орналастыру, басқарма құзыретіне кіретін мәселелер бойынша халықаралық тәжірибені зерделеу, басқарманың құзыретіне кіретін мәселелер бойынша нормативтік құқықтық актілердің жобаларын әзірлеуге қатысу. Министрлікте мемлекеттік тілдің жай-күйін зерделеу және деңгейін бағалау, нормативтік құқықтық актілерге, жоғары тұрған органдарға жіберілетін қызметтік құжаттарға лингвистикалық сараптама жүргізу, мемлекеттік тілдің дамуын әдістемелік қамтамасыз ету, Министрлікте мемлекеттік тілді дамыту жөніндегі жоспарлы іс-шараларды орындау, Министрлікте мемлекеттік рәміздер туралы заңнаманы іске асыру, басқарма құзыреті шегінде тауарлар мен қызметтерді сатып алу бойынша мемлекеттік сатып алуды жүргізу, Министрлік жүргізетін іс-шараларды басқарманың құзыреті шегінде материалдық-техникалық қамтамасыз ету, Министрліктің орталық аппаратының құзыретіне кіретін ұйымдастыру іс-шараларын іске асыруға қатысу, басқарманың құзыретіне кіретін мәселелер бойынша материалдар мен қорытындылар дайындау, Министрліктің материалдық ресурстарының тиімді және ұтымды пайдаланылуын бақылауды қамтамасыз ету, жеке және заңды тұлғалардың өтініштерін қарау, Басқарманың құзыретіне қатысты статистикалық есептерді жасау және оларды рұқсат етілген құжаттарға орналастыру, басқарманың құзыретіне кіретін мәселелер бойынша халықаралық тәжірибені зерделеу, басқарманың құзыретіне кіретін мәселелер бойынша нормативтік құқықтық актілердің жобаларын әзірлеуге қатысу.

Ескертпе

Хабарландыруда көрсетілген лауазымдық айлықақы нақты қызметшінің жұмыс өтіліне байланысты өзгеше болуы мүмкін.


Азаматтардың құқықтары мен міндеттері
Тестілеу бағдарламалары

Жарияланған күні: 12.06.2026

Ішкі конкурс

Құжаттарды қабылдау мерзімі:

15.06.2026 – 17.06.2026
Құжаттар жұмыс уақытында қабылданады

Қажетті құжаттар

  • Тізімᅠ
  • Өтініш үлгісіᅠ
Құжаттарды жіберу
Файлдардың рұқсат етілген мөлшері: 25 мб

Сұхбаттасу орны

Астана қаласы, Мәңгілік ел даңғылы, 8-үй, 6 кіреберіс, қажет болған жағдайда техникалық жазба құралдарын қолдануымен өткізіледі (ZOOM бағдарламасы)

Анықтама алу үшін байланыс

8(7172)742972