«Қазақстан Республикасындағы инклюзивті саясаттың 2030 жылға дейінгі тұжырымдамасын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметі қаулысының жобасына Пресс-релизі

«Қазақстан Республикасындағы инклюзивті саясаттың

2030 жылға дейінгі тұжырымдамасын бекіту туралы»

Қазақстан Республикасы Үкіметі қаулысының жобасына

Пресс-релизі

 

 «Қазақстан Республикасындағы инклюзивті саясаттың 2030 жылға дейінгі тұжырымдамасын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметі қаулысының жобасы (бұдан әрі – қаулы жобасы) «Адам құқықтары мен заң үстемдігі саласындағы іс-қимыл жоспары туралы» Қазақстан Республикасы Президентінің 2023 жылғы 8 желтоқсандағы № 409 Жарлығының 36-тармағын орындау үшін әзірленді.

Қаулы жобасын қабылдау мүгедектігі бар адамдардың өмір сүру сапасын жақсартуға және олардың тәуелсіздікке қол жеткізуіне, әлеуметтік, кәсіптік қабілеттерін сақтауға және өмірдің барлық аспектілеріне қатысуына мүмкіндік береді.

Қазақстан Республикасындағы инклюзивті саясаттың 2030 жылға дейінгі тұжырымдамасы мүгедектіктің медициналық-әлеуметтік моделінен әлеуметтік-құқық қорғау моделіне көшу үшін жағдай жасау болып табылады.

Инклюзивті саясатты іске асырудың жаңа тәсілдері мүгедектігі бар адамдардың құқықтарын іске асыруға, мүмкіндіктерін кеңейтуге, олардың қоғамға толыққанды әлеуметтік интеграциялануы үшін қажетті жағдайлар жасауға бағытталған тиімді шаралар кешенін қабылдауды қамтиды.

Қаулы жобаны қабылдау теріс әлеуметтік-экономикалық, құқықтық және (немесе) өзге салдарға алып келмейді.

Қаулы жобасы ашық нормативтік құқықтық актілердің интернет-порталында  2024 жылғы 29 қазанда орналастырылған.

Жобаны көру үшін мына сілтемеге өтіңіз https://legalacts.egov.kz/npa/view?id=15257643.