А. Сарбасов «Орталық Азиядағы білікті жастарға арналған Диалог және іс-қимыл» Еуропалық білім беру қоры (DARYA) жобасының үйлестірушісі Кристин Хемшемайермен кездесті

2024 жылғы 25 қыркүйекте ҚР Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау бірінші вице-министрі Ақмәди Сарбасов «Орталық Азиядағы білікті жастарға арналған Диалог және іс-қимыл» Еуропалық білім беру қоры (DARYA) жобасының үйлестірушісі Кристин Хемшемайермен Қазақстандағы DARYA жобасын іске асыру және қол жеткізілген нәтижелерге шолу бойынша кездесу өткізді.
Іс-шараға Еңбекмині және «ЕРДО» АҚ Ұлттық кәсіптік біліктілік органының қызметкерлері қатысты.
Еуропалық білім беру қорының өкілі К. Хемшемайер ханым осы кездесуді ұйымдастырғаны үшін алғыс айтып, DARYA жобасымен, өңірлік деңгейде өткізілетін іс-шаралар туралы таныстырды, сондай-ақ DARYA жобасы шеңберінде бірлесіп жұмыс істеу мүмкіндігін қарастыруды ұсынды.
DARYA – Еуропалық білім беру қоры (ETF) жүзеге асыратын Еуропалық Одақ қаржыландыратын алғашқы аймақтық жоба, ол толығымен Орталық Азиядағы жастардың инклюзивті және еңбек нарығына сәйкес дағдыларын дамыту мүмкіндіктерін қолдайтын шараларға бағытталған.
Ақмади Сарбасов өз сөзінде ЕХӘҚМ-нің DARYA жобасы шеңберінде ETF-пен ынтымақтастыққа және жан-жақты қолдауға дайын екендігін білдірді, сондай-ақ іске асырылып жатқан жобаның Қазақстан жастары үшін маңыздылығын атап өтті.
Кездесу қорытындысы бойынша Еңбекмині мен «ЕРДО» АҚ кәсіптік біліктілік жөніндегі Ұлттық органы тарапынан өңірлік ынтымақтастық және іс-шараларды қолдау туралы шешім қабылданды.