«Қызметтің барлық салалары үшін еңбек жөніндегі бірыңғай салааралық немесе салааралық үлгілік немесе үлгілік еңбек нормалары мен нормативтерді немесе ұйымдардың еңбек жөніндегі үлгілік нормалары мен нормативтерін әзірлеу, бекіту, ауыстыру және қайта қарау қағидаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрі бұйрығының жобасына баспасөз-релизі

Осы қағидалар жобасы «Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне бизнес жүргізу мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» 2024 жылғы 6 сәуірдегі Қазақстан Республикасының Заңымен негізделген құқықтық актілердің тізбесін бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің 2024 жылғы 17 мамырдағы № 68-ө өкімін іске асыру үшін әзірленді.

«Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне бизнес жүргізу мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» Қазақстан Республикасы Заңы жобасының 7-тармағына сәйкес 2015 жылғы 23 қарашадағы Қазақстан Республикасы Еңбек кодексі 16-бабының
8) тармақшасы мынадай редакцияда жазылған: «8) қызметтің барлық салалары үшін еңбек жөніндегі бірыңғай салааралық немесе салааралық үлгілік немесе үлгілік нормалар мен нормативтерді немесе ұйымдардың еңбек жөніндегі үлгілік нормалары мен нормативтерін әзірлеу, бекіту, ауыстыру және қайта қарау тәртібін белгілейді».

Қабылдануы «Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне бизнес жүргізу мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» Қазақстан Республикасының Заңымен негізделген нормативтік құқықтық актілердің тізбесі және ҚР Ұлттық кәсіпкерлер палатасынан еңбек жөніндегі бірыңғай салааралық және үлгілік нормативтерді әзірлеу мен бекіту функцияларын мемлекеттік органдардың деңгейіне беру «Қызметтің барлық салалары үшін бірыңғай салааралық немесе салааралық үлгілік немесе үлгілік еңбек нормалары мен нормативтерді немесе ұйымдардың еңбек жөніндегі үлгілік нормалары мен нормативтерін әзірлеу, бекіту, ауыстыру және қайта қарау қағидаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрі бұйрығының жобасын әзірлеу үшін негіз болып табылады.

Нормативтерді (уақыт, өндіріс, еңбек сыйымдылығы, қызмет көрсету, сан) әзірлеу және бекіту функцияларын ҰКП-дан мемлекеттік органдар деңгейіне берілуіне байланысты «Жұмыс берушінің еңбек нормаларын, еңбек жөніндегі үлгілік нормалар мен нормативтерді, қызметтің барлық салалары үшін еңбек жөніндегі бірыңғай және (немесе) салааралық үлгілік нормалар мен нормативтерді әзірлеу, бекіту, ауыстыру және қайта қарау қағидаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау және әлеуметтік даму министрінің 2015 жылғы 28 желтоқсандағы № 1036 (ҚР нормативтік құқықтық актілер тізілімінде № 12736 болып тіркелген) бұйрығы жойылуға қойылады.

Нормативтерді (уақыт, өндіріс, еңбек сыйымдылығы, қызмет көрсету, сан) жұмыс берушілер белгілі бір жұмыс түрлерін орындауға кететін уақыт  шығынын айқындау, олар бойынша жүктемені немесе сан нормативтерін есептеу, ұйымдағы еңбекті дұрыс ұйымдастыру, еңбекақы қоры үшін қолданады:

бірыңғай салааралық нормативтер меншік нысанына және ұйымдық-құқықтық нысандарына қарамастан ұйымдарда қолданылады;

үлгілік нормативтер тиісті қызмет саласында (аясында) қолданылады.