«Арнаулы әлеуметтік көрсетілетін қызметтерге мұқтаж емес адамға (отбасына) қызметтерді алушының қаражаты есебінен арнаулы әлеуметтік қызметтер көрсету қағидаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрінің бұйрығының жобасына БАСПАСӨЗ-РЕЛИЗІ

«Арнаулы әлеуметтік көрсетілетін қызметтерге мұқтаж емес адамға (отбасына) қызметтерді алушының қаражаты есебінен арнаулы әлеуметтік қызметтер көрсету қағидаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрінің бұйрығының жобасы (бұдан әрі – бұйрық жобасы) Қазақстан Республикасының Әлеуметтік кодексінің 12-бабының 5-тармақшасының жиырма жетінші азат жолын іске асыру мақсатында әзірленді.  

Осы бұйрық жобасы арнаулы әлеуметтік көрсетілетін қызметтерге мұқтаж емес адамға (отбасына) қызметтерді алушының қаражаты есебінен арнаулы әлеуметтік көрсетілетін қызметтер көрсету тәртібін айқындайды.

Бұйрық жобасын қабылдау әлеуметтік-экономикалық және/немесе құқықтық теріс салдарға әкеп соқтырмайды.

Бұйрық жобасы «Электрондық Үкімет» порталының анық НҚА бөліміне орналастырылған.