«Халықты әлеуметтік қорғау және жұмыспен қамту ұйымдарының басшылары, мамандары және басқа да қызметшілері лауазымдарының үлгілік біліктілік сипаттамаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрінің м.а. 2017 жылғы 25 қазандағы № 360 бұйрығына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» Қазақстан Республикасы Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрінің бұйрық жобасының БАСПАСӨЗ-РЕЛИЗІ
Қазақстан Республикасы Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігі (бұдан әрі – Министрлік) «Халықты әлеуметтік қорғау және жұмыспен қамту ұйымдарының басшылары, мамандары және басқа да қызметшілері лауазымдарының үлгілік біліктілік сипаттамаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрінің м.а. 2017 жылғы 25 қазандағы № 360 бұйрығына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» бұйрық жобасын әзірленді.
Осы бұйрық жобасын қабылдаудың мақсаты Әлеуметтік кодекстің қолданысқа енгізілуіне байланысты, халықты әлеуметтік қорғау саласындағы қызметкерлердің лауазымдық міндеттемелері мен білуге тиіс нормативтік актілеріне өзгерістер енгізіледі.
Қаулы жобасын қабылдау теріс әлеуметтік-экономикалық және/немесе құқықтық салдарға әкеп соқтырмайды.
Қаулы жобасы «Электрондық үкімет» порталында ашық НҚА бөлімінде және Қазақстан Республикасы Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігінің сайтында орналастырылған.