С. Жақыпова ҚР Парламенті Мәжілісінің депутаттарымен кездесті

ҚР Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрі Светлана Жақыпова ҚР Парламенті Мәжілісінің депутаттары Динара Наумова және Нұргүл Тау, сондай-ақ Павлодар облысының онкологиялық аурулары бар адамдарды қолдау қоғамдастығының басшысы Алтын Сәдуақасовамен кездесті. Кездесу барысында қатерлі ісікпен ауыратын адамдарға мүгедектік белгілеу, осы санаттағы азаматтарды санаторийлік-курорттық емдеу және еңбекақы төлеу жүйесі мәселелері талқыланды.
Министр әлеуметтік-еңбек саласының ақпараттық жүйелерімен таныстырды. Әлеуметтік қызметтердің сапасы мен қызметкерлердің тиімділігін жақсарту, мүгедектігі бар адамдарды жұмысқа орналастыру, еңбек көші-қоны бойынша жүргізіліп жатқан жұмыстар туралы жан-жақты айтып берді.
Кездесу соңында Светлана Жақыпова мүгедектігі бар адамдардың өмір сүру сапасын арттыру бойынша депутаттарды қызықтырған барлық сұрақтарға жауап берді.