Е. Оспанов ХВҚ-ның Қазақстан бойынша миссиясының басшысы
ҚР Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау вице-министрі Ербол Оспанов ХВҚ-ның Қазақстан бойынша миссиясының басшысы және Таяу Шығыс және Орталық Азия елдері үшін ХВҚ департаменті директорының орынбасары Николя Бланшемен кездесу өткізді. Кездесуде Еңбекминінің соңғы жылдардағы жетістіктері мен ведомствоның алға қойған жоспарлары талқыланды.
Ербол Оспанов жаңа Әлеуметтік кодекс, Отбасының цифрлық картасын енгізу нәтижелері, 2023 – 2027 жылдарға арналған көші-қон саясатының тұжырымдамасын іске асыру және 2024 – 2029 жылдарға арналған еңбек нарығын дамыту тұжырымдамасын әзірлеу туралы өзекті ақпаратпен бөлісті.
Бұдан басқа, атаулы әлеуметтік көмекпен қамтуды кеңейту және атаулылығын арттыру, сондай-ақ бейресми жұмыспен қамтуды қысқарту жөніндегі жоспарлар айтылды.
Вице-министр кедейлік шегін анықтау принциптерін өзгерту жоспарларына егжей-тегжейлі тоқталды. Мәселен, Әлеуметтік кодексті іске асыру аясында 2025 жылғы 1 қаңтардан бастап кедейлік шегін медианалық табысқа байланыстыру жоспарлануда, бұл халықтың табысы аз топтарына берілетін әлеуметтік көмек мөлшеріне оң әсер етеді.
Өз кезегінде Николя Бланше аталған шаралардың Қазақстан азаматтары үшін маңыздылығын және ел халқының өмірінде оң өзгерістер күтілетін атап өтті.