О. Ордабаев Абай облысының тұрғындарымен кездесу өткізеді

2023 жылғы 19-20 қыркүйекте ҚР Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау вице-министрі Олжас Ордабаев Абай облысының тұрғындарымен кездесу өткізеді.
Кездесуде әлеуметтік-еңбек саласының өзекті мәселелері, жұмыспен қамтуға жәрдемдесу, еңбек қауіпсіздігі және еңбекті қорғау, әлеуметтік қызмет көрсету жүйесін жаңғырту, сондай-ақ әлеуметтік-еңбек саласын цифрландыру барысы талқыланатын болады.
Вице-министрге жолданатын сұрақтар мен ұсыныстарды келесі байланыс арналары арқылы жіберуге болады: ҚР ЕХӘҚМ ресми интернет-ресурсы арқылы (www.gov.kz), электрондық үкімет порталы Egov.kz, «Е-Өтініш» азаматтардың өтініштерін қабылдау мен өңдеудің бірыңғай платформасы (suraqtar.kz).
Сондай-ақ, телефон арқылы хабарласуға болады: 8 (7172) 74 37 23, 74 36 79.
Азаматтарды іс-шараға қатысып және ҚР Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау вице-министріне сұрақтар қоюға шақырамыз.