ЕРДО қызметкерлеріне фитнес қызметтерін көрсетуге арналған конкурс тоқтатылады

ҚР Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігі (бұдан әрі – Еңбекмині) Еңбек ресурстарын дамыту орталығының (бұдан әрі – ЕРДО) қызметкерлеріне фитнес қызметтерін көрсетуге арналған конкурсты тоқтату туралы шешім қабылдады.
Әлеуметтік желілерде қоғамдық резонанс тудырған, ЕРДО-ның компания қызметкерлеріне спорт кешеніне абонементтер ұсыну бойынша қызмет көрсетуге конкурс өткізу туралы материалдың жариялануына байланысты Еңбекмині аталған конкурсты тоқтату туралы шешім қабылдады.
«ЕРДО» АҚ коммерциялық ұйымдар үшін компания дербес көрсеткен ақылы қызметтерден түсетін кірістер есебінен қызметкерлердің әлеуетін дамытуға және оларға әлеуметтік пакет ұсынуға қаражат көздегенін атап өткен жөн. Осылайша, мемлекеттік бюджеттен фитнес қызметтерін көрсетуге ақша жұмсалмады.
Бюджет қаражатын мақсатты пайдалану мәселесін Еңбекмині және тиісті мемлекеттік органдар қатаң бақылайды.
Бұдан басқа, қаражаттың тиімсіз пайдаланылуына жол бермеу мақсатында Еңбекминіне ведомстволық бағынысты барлық ұйымдарға шығыстарды оңтайландыру тапсырылды.