
Мемлекеттік органдар арасындағы өзара іс-қимыл тәртібі қандай? Ақпараттық жүйелер қалай ықпалдасады? Қандай арналар арқылы ақпарат алмасады? Сыбайлас жемқорлықты қалай болдырмау керек? Сараптамалық пікір автоматты режимде қалай қалыптастырылады?
Осы және басқа да өзекті жағдайлар ҚР Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау вице-министрі Светлана Жақыпова қатысқан«№1 Қарағанды» поликлиникасындағы жиында талқыланды. Онда мүгедектік және еңбекке жарамсыздық мәселелері айтылды.
Кездесу барысында медицина кадрларын даярлау мәселелері, ақпараттың толыққандылығы, сенімділігі мен өзектілігі, сондай-ақ оны пайдалану деңгейін бақылау, яғни ақпарат қауіпсіздігі мәселелері талқыланды.
Айта кетейік, Қарағанды облысында пилоттық тәртіпте медициналық және әлеуметтік сараптама жүргізу бойынша кешенді қызметке көшу, қызметтерді электронды түрде алуды қамтамасыз ету жағдайлары қаралатын болады.