Еңбекті қорғау және өнеркәсіптік қауіпсіздік жөніндегі X мерейтойлық Қазақстандық халықаралық конференция мен көрме – KIOSH 2022


KIOSH-бұл еңбекті қорғау және өнеркәсіптік қауіпсіздік саласындағы мәселелерді шешу мемлекеттік органдар мен бизнес басшылары арасында талқыланатын орталықтандырылған және тиімді диалогтық алаң. Конференцияға қатысушылар саланы дамыту, өндірісте еңбекті қорғау және өнеркәсіптік қауіпсіздік бойынша цифрлық технологияларды енгізу, жеке және ұжымдық қорғаныс құралдарының жаңа жүйелері, еңбекті қорғаудың басқару жүйелері, сондай-ақ мемлекеттік және ішкі бақылау мәселелерін қарастырады.
KIOSH шеңберінде еңбекті қорғау және өнеркәсіптік қауіпсіздік жөніндегі мамандар салалық министрліктер мен ведомстволардан, қауымдастықтардан, өнеркәсіп кәсіпорындарынан және саланың жетекші компанияларынан пленарлық сессияға, дөңгелек үстелдерге және тақырыптық сессияларға қатысуға мүмкіндік алады.
KIOSH 2022 конференция, көрме, дөңгелек үстелдер, мастер-кластар, семинарлар, еңбекті қорғау және өнеркәсіптік қауіпсіздік мамандарына арналған тренингтер, B2B кездесулер мен жұмыс берушілер арасындағы «Сенім» еңбек қауіпсіздігі және еңбекті қорғау бойынша конкурстан тұрады.
Көрме ЖҚҚ, тоқыма, жабдықтар, медициналық қызметтер, оқыту, консалтинг, ғылым және т.б. бойынша тауарлар мен қызметтердің кең ассортиментін көрсетеді, сондай-ақ көрме аумағында ЕҚ және ҚТ мамандары үшін бірқатар оқыту семинарлары мен шеберлік сыныптары өтеді.
Көрменің негізгі бөлімдері:
* Еңбекті қорғау және өнеркәсіптік қауіпсіздік
* Тоқыма
* Денсаулық және еңбек гигиенасы
* Өрт қауіпсіздігі және төтенше жағдайлар
* Оқыту және ғылым
* Экологиялық қауіпсіздік
Жыл сайын KIOSH ҚР Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігінің қолдауымен өткізіледі.
25 мамыр 2022
27 мамыр 2022
Қазақстан, Нұр-Сұлтан қаласы, «EXPO» ХКО.
Көрме