«Кәсіптік оқытуды ұйымдастыру және қаржыландыру қағидаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің орынбасары – Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрінің 2023 жылғы 22 маусымдағы № 231 бұйрығына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» Қазақстан Республикасы Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрі бұйрығының жобасына баспасөз-релизі

ПРЕСС-РЕЛИЗ

 

19.07.2024                                                                            Астана қ.

 

Кәсіптік оқытуды ұйымдастыру және қаржыландыру қағидаларына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы

 

ҚР Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігі «Ашық НҚА» порталында талқылау үшін Кәсіптік оқытуды ұйымдастыру және қаржыландыру қағидаларына түзетулер жобасын әзірледі және орналастырды, оның шеңберінде Skills Enbek онлайн-платформасындағы курстар практикалық сабақтармен, оның ішінде виртуалды шындық технологияларын пайдалана отырып толықтырылатын болады.

Осы жаңашылдықты іске асыру үшін Мансап орталықтарында білім алушылар VR шлемдер мен ноутбуктерді пайдалана алатын арнайы жабдықталған кабинеттер пайда болады.

Түзетулер жобасы «Ашық НҚА» порталында а. ж. 1 тамызына дейін жария талқылау үшін орналастырылған: https://legalacts.egov.kz/npa/view?id=15141972.

Естеріңізге сала кетейік, Skills Enbek кәсіптік оқыту платформасы қазақстандықтарға онлайн-курстардан өту арқылы жаңа дағдылар мен тіпті кәсіптер алуға мүмкіндік береді. Тек 2024 жылы 61 мыңнан астам азамат оқудан өтіп, тиісті сертификаттар алды.

Бүгінгі таңда Skills Enbek порталында 500-ге жуық курс орналастырылған, оның жартысынан көбі тегін. Курстардың ұзақтығы 1-ден 72 сағатқа дейін.

Оқуға тікелей https://skills.enbek.kz/ сілтемесі арқылы немесе enbek.kz сайтында «Онлайн оқыту» бөлімін таңдау арқылы қол жеткізуге болады.

 

Баспасөз-релизі
Дата публикации
19 июля 2024