Ақпараттық хабар

Ақпараттық хабар

 

ҚР Президенті 2023 жылғы 1 қыркүйектегі «Әділетті Қазақстанның экономикалық бағдары» атты Қазақстан халқына Жолдауында 2024 жылдың 1 қаңтарынан бастап ең төмен жалақы мөлшерін 85 мың теңгеге көтеруді тапсырды.

Еңбек заңнамасына сәйкес бірінші разрядты жұмыскердің айлық жалақысының ең төмен мөлшері айлық жалақының ең төмен мөлшерінен кем болмауға тиіс.

Осыған байланысты еңбек заңнамасы нормаларын сақтау мақсатында «Азаматтық қызметшілерге, мемлекеттік бюджет қаражаты есебінен ұсталатын ұйымдардың қызметкерлеріне, қазыналық кәсіпорындардың қызметкерлеріне еңбекақы төлеу жүйесі туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2015 жылғы 31 желтоқсандағы № 1193 қаулысына өзгерістер енгізу туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің қаулы жобасы әзірленді.

Аталған қаулы жобасын қабылдаудың мақсаты мемлекеттік мекемелер мен қазыналық кәсіпорындар қызметкерлерінің жалақысын арттыру болып табылады.

2023 жылғы 16-30 қараша аралығында қаулы жобасы ашық нормативтік құқықтық актілердің интернет-порталында жария талқылау үшін орналастырылған.

Ақпараттық хабар
Дата публикации
16 ноября 2023