«Мүгедектігі бар адамдарға берілетін техникалық көмекші
(орнын толтырушы) құралдардың, арнаулы жүріп-тұру құралдарының және көрсетілетін қызметтердің сыныптауышына сәйкес
мүгедектігі бар адамның қажеттіліктерін бағалау қағидаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметі қаулысының жобасына
баспасөз-релизі
«Мүгедектігі бар адамдарға берілетін техникалық көмекші (орнын толтырушы) құралдардың, арнаулы жүріп-тұру құралдарының және көрсетілетін қызметтердің сыныптауышына сәйкес мүгедектігі бар адамның қажеттіліктерін бағалау қағидаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің қаулысының жобасы 2023 жылғы 1 шілдедегі Қазақстан Республикасы Әлеуметтік Кодексін іске асыру шеңберінде әзірленді.
Жобаны қабылдау теріс әлеуметтік-экономикалық және/немесе құқықтық салдарға алып келмейді.
Қаулы жобасы 2023 жылғы 30 наурызда жария талқылау үшін ашық нормативтік құқықтық актілердің интернет-порталында орналастырылды.
Бұдан басқа, жобаны қабылдау және іске асыру мемлекеттік бюджет қаражатынан қосымша қаржылық шығындарды талап етпейді.