«Азаматтық қызметшілердің қызметтік әдеп кодексін бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрінің бұйрық жобасына пресс-релиз

«Азаматтық қызметшілердің қызметтік әдеп кодексін бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрінің бұйрық жобасына

пресс-релиз

 

«Азаматтық қызметшілердің қызметтік әдеп кодексін бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрінің бұйрық жобасы  «Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне еңбек мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы»  2020 жылғы 4 мамырдағы Қазақстан Республикасының Заңын іске асыру үшін әзірленген.

Қазақстан Республикасының  2015 – 2025 жылдарға арналған сыбайлас жемқорлыққа қарсы стратегиясын іске асыру жөніндегі 2018 – 2020 жылдарға арналған іс-шаралар жоспарының 32-тармағына сәйкес Азаматтық қызметшілердің қызметтік әдеп кодексін енгізу мәселесін пысықтау Еңбекминіне жүктелген.

Кодекс Қазақстан Республикасының азаматтық қызметшілері басшылыққа алатын қызметтік әдептің жалпы қағидалары мен нормаларының жиынтығынан тұрады.

Кодекс 4 тараудан тұрады:

  1. Жалпы ережелер;
  2. Азаматтық қызметші қызметінің әдеп қағидаттары;
  3. Азаматтық қызметшілерге қойылатын әдеп талаптары;
  4. Әдеп жанжалдары және оларды шешу.

Кодекс азаматтық қызметте өзара қарым-қатынастың жоғары мәдениетін қалыптастыруға және азаматтық қызметшінің әдепсіз қылық жасау жағдайларының  алдын алуға бағытталған.

Дата публикации
18 июня 2020