
Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігінің міндеттерінің бірі мемлекеттің сыртқы саяси бағдарына сәйкес шетелдік мемлекеттермен, өңірлік интеграциялық бірлестіктермен, халықаралық ұйымдармен, сарапшы және ғылыми топтарымен әлеуметтік-еңбек саласындағы мемлекеттік саясатты іске асыруды қамтамасыз ету болып табылады.
Министрлік әлеуметтік-еңбек саласындағы сұрақтар бойынша және өзара әрекеттесу және ынтымақтастықтың мүмкін түрлерін анықтау мақсатында шетелдік мемлекеттермен, өңірлік интеграциялық бірлестіктермен, сарапшы және ғылыми топтармен өзара әрекеттеседі. Сондай-ақ, еңбек, жұмыспен қамту, миграция, халықты әлеуметтік қамту және әлеуметтік қорғау сұрақтары бойынша Біріккен Ұлттар Ұйымы (БҰҰ), БҰҰ Даму бағдарламасы (БҰҰДБ), Халықаралық еңбек ұйымы (ХЕҰ), Халықаралық әлеуметтік қамту ассоциациясы (ХӘҚА), БҰҰ Балалар қоры (ЮНИСЕФ), БҰҰ Халықтың қоныстануы саласындағы қоры (ЮНПФА), Дүниежүзілік сауда ұйымы (ДСҰ), Еуропадағы Қауіпсіздік және ынтымақтастық ұйымы, Еуропалық Одақ, Дүниежүзілік банк, Азия даму банкі, Экономикалық ынтымақтастық және даму ұйымы (ЭЫДҰ) және басқа да халықаралық ұйымдармен көпжақты қызметті дамытуды үйлестіреді.
Министрлік Еуразиялық экономикалық одақ (ЕАЭО), Тәуелсіз Мемлекеттер Достастығы (ТМД) және Дүниежүзілік сауда ұйымына (ДСҰ) мүшелік шеңберінде, сонымен қатар ЕАЭО-ға мүше мемлекеттердің үшінші елдермен және негізгі интеграциялық бірлестіктермен өзара іс-қимыл бөлігінде тең құқықты диалог құру бойынша ынтымақтастықты жүзеге асырады.