Қаржы департаменті

Департамент құрамына:

1) Бухгалтерлік есеп басқармасы (бұдан әрі – БЕБ);

2) Жиынтық есептілік және бюджеттің атқарылуы басқармасы (бұдан әрі – ЖЕБАБ)

Міндеті: Министрліктің, Көші-қон комитетінің, Еңбек және әлеуметтік қорғау комитетінің және оның аумақтық бөлімшелерінің орталықтандырылған бухгалтерлік есепке алу мен есептілігін ұйымдастыру, үйлестіру, жүзеге асыру және бақылау.

Функциялары:

  • құжаттардың уақтылы және дұрыс ресімделуіне, мәмілелердің заңдылығына бақылауды жүзеге асырады;
  • міндеттемелер бойынша қаржыландыру жоспарына сәйкес міндеттемелерді (шарттарды, келісімдерді, шарттарды) қабылдауды, белгіленген тәртіпте енгізілген өзгерістерді ескере отырып, төлемдер бойынша қаржыландыру жоспарларына сәйкес қаражаттың дұрыс, тиімді және мақсатты жұмсалуын, сондай-ақ «Қазынашылық клиент» ақпараттық жүйесі арқылы ақша қаражаты мен материалдық құндылықтардың сақталу тәртібін бақылауды жүзеге асырады;
  • «1С платформасындағы бюджет», «Қазынашылық клиент» ақпараттық жүйесі арқылы еңбек шарттары бойынша қабылданған мемлекеттік мекеме қызметкерлері мен тұлғалардың еңбек өтілінің хаттамасы бойынша жалақының есептелуін және уақытында төленуін бақылайды;
  • мемлекеттік органдармен, ұйымдармен және жеке тұлғалармен қаржыландыру жоспарларын орындау процесінде туындайтын есеп айырысулардың уақтылы орындалуына бақылауды жүзеге асырады;
  • «1С платформасындағы бюджет» ақпараттық бағдарламасы арқылы ақша қаражатын, негізгі құралдарды, есеп айырысуларды және материалдық құндылықтарды түгендеуге, мүлікті түгендеу және есептен шығару нәтижелерін уақтылы және дұрыс анықтауға және оларды бухгалтерлік есепте көрсетуге қатысады;
  • материалдық жауапты адамдарға олардың сақтауындағы құндылықтарды есепке алу және сақтау мәселелері бойынша нұсқау береді;
  • «е-Қаржымині» ИААЖ-нің «Шоғырландыру» ішкі жүйесі арқылы бухгалтерлік есеп және қаржылық есептілік саласындағы қызметті реттейтін орталық мемлекеттік орган белгілеген мерзімде және тәртіпте дебиторлық және кредиторлық берешек бойынша тоқсандық, жартыжылдық және жылдық есептерді жасайды және ұсынады;
  • «е-Қаржымині» ИААЖ-нің «Шоғырландыру» ішкі жүйесі арқылы бухгалтерлік есеп пен қаржылық есептілік саласындағы қызметті реттейтін орталық мемлекеттік орган белгілеген мерзімде және тәртіпте қаржылық және бухгалтерлік жартыжылдық және жылдық есептерді жасайды және ұсынады;
  • уәкілетті органдар белгілеген мерзімдерде және тәртіпте салық және статистикалық жылдық, тоқсандық және айлық есептерді жасайды және ұсынады;
  • резидент еместермен жасалған халықаралық операциялар туралы тоқсан сайынғы есепті жасайды және Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкіне ұсынады;
  • жартыжылдық және жылдық шоғырландырылған қаржылық есептілікті жасайды және Министрліктің интернет-ресурсында орналастырады;
  • «Ашық бюджет» интернет-порталында (egov.kz) жылдық шоғырландырылған қаржылық есептілікті жасайды және орналастырады;
  • негізгі құралдардың, материалдық емес активтердің және басқа да материалдық құндылықтардың оларды сақтау және пайдалану орындарында сақталуына бақылауды жүзеге асырады;;
  • мемлекеттік органның бюджет қаражатын басқару тиімділігін бағалау жөніндегі есепті дайындауға қатысады;
  • Министрліктің операциялық жоспарын әзірлеуге және іске асыруға қатысады;
  • ведомстволық бағынысты мемлекеттік мекемелердің еңбекақы бойынша берешегі туралы акт жасайды және ұсынады;
  • «1С платформасындағы бюджет» ақпараттық бағдарламаларын қолдау бойынша қызметтерді ұйымдастырады және алады;
  • Қазақстан Республикасының заңнамасында белгiленген тәртiппен бастапқы құжаттардың, есепке алу тiзiлiмдерiнiң, есептiлiктiң, бухгалтерлiк есеп деректерiн электрондық өңдеуге арналған бағдарламалардың, олар бойынша есептiлiктiң сақталуын, сондай-ақ мұрағатқа жеткiзiлуiн бақылауды жүзеге асырады;
  • мүлікті түгендеу, аттестаттау және қайта бағалау туралы мәліметтерді БЕТЖ мемлекеттік мүлік тізіліміне енгізу.;
  • Министрліктің жылдық қаржылық есептілігін БЕТЖ-де орналастыру;
  • жылдық шоғырландырылған қаржылық есептілікті мемлекеттік органдардың интернет-ресурстарының бірыңғай платформасында орналастыру;
  • өз құзыреті шегінде мемлекеттік аудит жүргізу кезінде мемлекеттік аудиторларға материалдар дайындау;
  • өз құзыреті шегінде нормативтік құқықтық актілердің жобаларын әзірлейді;
  • Қазақстан Республикасының заңнамасына және Министрлік басшылығының тапсырмаларына сәйкес өзге де функцияларды жүзеге асырады.