Жиі қойылатын сұрақтар
Зейнетақы төлемдерін тағайындау үшін 1998 жылғы 1 қаңтардағы жағдай бойынша жинақталған еңбек өтілі және әрбір азаматтың нақты жалақысы ескеріледі.
Ең төмен зейнетақы тұлғаларға заңнамамен талап етілетін қажетті еңбек өтілі бар зейнеталды кезеңде табысы жоқ не көрсетілген табысы төмен болған жағдайларда тағайындалады.
Зейнетақы төлемдерiн есептеу үшiн 3 жылдағы жұмыстан түскен табыс қатарынан күнтiзбелiк 36 айдағы жұмыстан түскен табыстың жалпы сомасын отыз алтыға бөлу арқылы айқындалады.
Жасына байланысты зейнетақы төлемдерін есептеу үшін кіріс республикалық бюджет туралы заңда тиісті қаржы жылына белгіленген айлық есептік көрсеткіштің 46 еселенген мөлшерінен аспауға тиіс(анықтама:2020 жылғы 1 сәуірден бастап-2 778 теңге x 46 АЕК= 127 788 теңге).
Қазақстан Республикасында зейнетақымен қамсыздандыру «Қазақстан Республикасында зейнетақымен қамсыздандыру туралы» Қазақстан Республикасының 2013 жылғы 21 маусымдағы Заңына сәйкес жүзеге асырылады.
Заң азаматтарға тең құқылы зейнетақымен қамсыздандырылу қағидаларына негізделген.
Зейнетақы заңнамасымен оның мөлшері 1998 жылғы 1 қаңтардағы жағдай бойынша бар еңбек өтілінің жыл санына байланысты белгіленген (1998 жылғы 1 қаңтардағы жағдай бойынша ерлер үшін 25 жыл, әйелдер үшін – 20 жыл) және зейнеткерлік жасқа жеткенге дейін 1995 жылғы 1 қаңтардан бастап жұмыстағы үзiлiстерге қарамастан, қатарынан кез келген үш жыл iшiндегi орташа айлық кіріс негiзге алына отырып жүзеге асырылады.
ҚР-да 3 деңгейлі зейнетақы жүйесі бар, оған кіретіндер:
- мөлшері 1998 жылға дейінгі және кейінгі еңбек өтіліне байланысты зейнеткерлік жасқа толғанда барлығына берілетін базалық зейнетақы;
- 1998 жылғы 1 қаңтардағы еңбек өтіліне сәйкес және зейнеталды кезеңдегі орташа айлық табысына қарай айқындалатын ынтымақты зейнетақы;
- жеке зейнетақы шотында қалыптастырылған, мөлшері зейнетақы жинақтарының сомасына байланысты айқындалатын жинақтаушы зейнетақы.
«2020 - 2022 жылдарға арналған республикалық бюджет туралы» ҚР Заңына өзгерістер мен толықтырулар енгізілуіне байланысты, 2020 жылғы 1 сәуірден бастап ең төменгі күнкөріс деңгейінің мөлшері (32 668 тг.) және айлық есептік көрсеткіштің (2 778 тг.) мөлшері өсті. Ең төменгі зейнетақы 40 441 теңге мөлшерінде, базалық зейнетақы төлемінің ең төменгі мөлшері - 17 641 теңге мөлшерінде белгіленді.
2020 жылғы 1 қаңтардан бастап 5%-ға инфляцияның болжанатын деңгейін ескере отырып зейнетақы мен жәрдемақы мөлшерін жыл сайынғы индекстеу жүргізілді, бұл ретте жасына байланысты және еңбек сіңірген жылдары үшін зейнетақы төлемдері 7%-ға арттырылған (2%-ға инфляция деңгейінен ілгері оза).
2020 жылғы 1 сәуірден бастап жасына байланысты және еңбек сіңірген жылдары үшін зейнетақы төлемдерінің мөлшері тағыда 5 %-ға арттырылды. Базалық зейнетақы төлемімен және барлық мемлекеттік жәрдемақылардың мөлшері 2020 жылдың 1 сәуірінен бастап ең төменгі күнкөріс деңгейінің және айлық есептік көрсеткіштің ұлғаюына байланысты 5% - ға артты.