Жиі қойылатын сұрақтар
МӘС шешімімен келіспеген жағдайда азамат белгіленген тәртіппен жоғары тұрған МӘС бөлімшесіне және/немесе заңнамада белгіленген тәртіппен шағымдануға құқылы.
Иә. Заңнамада көзделген медициналық көрсеткіштер болған жағдайда мүгедектік мерзімсіз белгіленуі мүмкін.
Мүгедектік тобы организм функцияларының тұрақты бұзылу дәрежесіне және тыныс-тіршіліктің негізгі санаттарының шектелуіне қарай белгіленеді.
Қажетті медициналық құжаттар мен зерттеу нәтижелерін азаматқа қызмет көрсететін медициналық ұйым қалыптастырады және МӘС-ке жолдайды.
Азаматты МӘС-ке медициналық ұйымның дәрігерлік-консультациялық комиссиясы (ДКК) тиісті медициналық тексеру және емдеу шаралары жүргізілгеннен кейін жолдайды.
Мүгедектік медициналық, әлеуметтік және кәсіптік көрсеткіштерді бағалау нәтижесінде, организм функцияларының тұрақты бұзылуына байланысты адамның тыныс-тіршілігінің шектелу дәрежесі ескеріле отырып белгіленеді.
Асыраушысынан айырылу жағдайы бойынша мемлекеттік әлеуметтік жәрдемақы жәрдемақыға құқығы туындаған күннен бастап, бірақ барлық қажетті құжаттармен бірге жәрдемақы тағайындауға өтініш жасаған күнге дейін он екі айдан аспайтын уақытқа тағайындалады. Жәрдемақыны тағайындау үшін Сізге тұрғылықты жеріңіз бойынша Мемлекеттік корпорацияның бөлімшесіне жүгінуіңіз керек.
Бала күтiмi бойынша жәрдемақы бала туған күннен бастап, ол бiр жарым жасқа толған күнге дейін тағайындалады.
Бала туғанда берiлетiн жәрдемақы мен бала күтiмiне байланысты жәрдемақыны тағайындауға өтiнiш жасау мерзiмдерi бала туған күннен бастап он сегіз айдан аспауға тиiс.
Бiр жарым жасқа толмаған екi және одан да көп балаға күтімдi жүзеге асырған жағдайда бала күтiмi жөнiндегi жәрдемақы әр балаға тағайындалады және төленедi.
Қазақстан Республикасының Әлеуметтік кодексінің 203 бабына сәйкес зейнетақыдан ұстап қалу атқарушылық іс жүргізу тәртібімен жүргізілуі мүмкін.
Зейнетақыдан ұстап қалу төленуге тиісті сомадан жүргізіледі.
Төленуге тиіс соманың 50 пайыздан астамын зейнетақыдан ұстап қалуға болмайды.