Жиі қойылатын сұрақтар
Жасына байланысты зейнетақы төлемдерін тағайындау кезінде табыс орталықтандырылған дерекқордың міндетті зейнетақы жарналарының, мемлекеттік әлеуметтік сақтандыру қорына әлеуметтік аударымдардың, міндетті медициналық сақтандыру қорына аударымдардың және/немесе жарналардың және жеке табыс салығының аударылуы туралы мәліметтерімен расталады.
Қазақстан Республикасының Әлеуметтік кодексінің 174 бабына сәйкес мүгедектігі бар адамдарға мемлекеттік жәрдемақылардан, еңбекке қабілеттіліктен айырылу жағдайы бойынша әлеуметтік төлемнен ұстап қалу атқарушылық іс жүргізу тәртібімен жүргізіле алады.
Мүгедектігі бар адамдарға мемлекеттік жәрдемақылардан, еңбекке қабілеттіліктен айырылу жағдайы бойынша әлеуметтік төлемнен төленуге тиісті соманың 25 пайызынан артық ұстап қалуға болмайды.
Асыраушысынан айрылу жағдайы бойынша жәрдемақылар жәрдемақыға құқығы пайда болған күннен бастап, бiрақ барлық қажеттi құжаттармен жәрдемақыға тағайындауға өтiнiш берiлген күнге дейiн әрi кеткенде 12 айдан аспайтын мерзiм үшiн тағайындалады. Жәрдемақыны тағайындау үшін Сізге тұрғылықты жеріңіз бойынша Мемлекеттік корпорацияның бөлімшесіне жүгінуіңіз керек.
Зейнетақы төлемдерiн есептеу үшiн 3 жылдағы жұмысішіндегі табыс қатарынан 36 күнтiзбелiк айдағы жұмысішіндегі табыстың жалпы сомасын отыз алтыға бөлу арқылы айқындалады.
Жасына байланысты зейнетақы төлемдерін есептеу үшін кіріс республикалық бюджет туралы заңда тиісті қаржы жылына белгіленген айлық есептік көрсеткіштің 55 еселенген мөлшерінен аспауға тиіс (анықтама: 2023 жылғы АЕК 3 450 теңге x 55 = 189 750 теңге).
Қазақстан Республикасының Әлеуметтік кодексінің 208 бабының 1-тармағына сәйкес жасына байланысты зейнетақы төлемдерін тағайындау үшін еңбек өтілін есептеу кезінде жоғары оқу орындарында, оның ішінде даярлық курстарында, арнаулы орта оқу орындарында, училищелерде оқу есепке алынады.
Бiлiмi туралы құжат немесе оқу орнының анықтамасы оқу кезеңдерін растайтын құжат болып табылады.
Қазақстан Республикасының Әлеуметтік кодексінің 208 бабының 1-тармағына сәйкес жасына байланысты зейнетақы төлемдерін тағайындау үшін еңбек өтілін есептеу кезінде әскери қызмет есепке алынады. Әскери билет немесе қорғаныс істері жөніндегі басқарманың (бөлімнің) анықтамасы әскери қызмет кезеңдерін растайтын құжат болып табылады.