НҚА жобасын орналастыру туралы хабарландыру

  Төтенше жағдайлар министрлігі НҚА жобасын «Ашық НҚА» порталында орналастыру туралы хабарлайды.

  Құқықтық өрісті біріздендіру, азаматтық қорғау органдарының қызметкерлері мен әскери қызметшілеріне ақшалай үлес төлеу жөніндегі қайшылықтарды болдырмау мақсатында «Азаматтық қорғау органдарының әскери қызметшілеріне ақшалай ризықты, жәрдемақылар мен басқа да төлемдерді төлеу қағидаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Төтенше жағдайлар министрінің міндетін атқарушының 2023 жылғы 14 ақпандағы № 75 бұйрығына өзгерістер енгізу туралы» Қазақстан Республикасы Төтенше жағдайлар министрі бұйрығының жобасы әзірленді. (https://legalacts.egov.kz/arm/admin/viewcard?id=15915046)

  НҚА жобасын талқылауға қатысуды сұраймыз.