НҚА жобасын орналастыру туралы хабарландыру
Қазақстан Республикасы Төтенше жағдайлар министрлігі «Ашық НҚА» порталында нормативтік құқықтық актінің жобасы орналастырылғанын хабарлайды.
Қазақстан Республикасы Инвестициялар және даму министрінің 2014 жылғы 30 желтоқсандағы № 351 бұйрығымен бекітілген «Көмір шахталарының қауіпті өндірістік объектілері үшін өнеркәсіптік қауіпсіздікті қамтамасыз ету қағидаларын» іске асыру мақсатында нормативтік құқықтық актінің жобасы әзірленді.
Жоба қауіпті өндірістік объектілерді пайдалану кезінде қауіпсіздік деңгейін арттыруға, авариялар мен оқыс оқиғалардың алдын алуға, олардың туындау тәуекелдерін барынша азайтуға, сондай-ақ авариялар мен жазатайым оқиғалардың алдын алу жөніндегі іс-шараларды іске асыруды қамтамасыз етуге және өндірістік жарақаттану деңгейін төмендетуге бағытталған.
«Ашық НҚА» порталында НҚА жобасын орналастыру туралы хабарлама https://legalacts.egov.kz/npa/view?id=15915127).
НҚА жобасын талқылауға қатысуға шақырамыз.