НҚА жобасын орналастыру туралы хабарландыру
Төтенше жағдайлар министрлігі НҚА жобасын «Ашық НҚА» порталында орналастыру туралы хабарлайды.
«Құқықтық актілер туралы» ҚР Заңының 23-бабының 11-тармағына және 25-бабының 2-тармағына сәйкес сондай-ақ Еңбек Кодексінің 23 - бабы 2-тармағының 27) тармақшасын іске асыру мақсатында «Кейбір бұйрықтарға өзгерістер енгізу туралы» Қазақстан Республикасы Төтенше жағдайлар министрі бұйрығының жобасы әзірленді.
Редакциялық түзету азаматтық қорғау саласындағы нормативтік құқықтық актілердегі, атап айтқанда Кәсіби өртке қарсы қызметтердің қызметін жүзеге асыру қағидаларында, Арнайы даярлық бойынша оқыту курстарының бағдарламасында, Өрт қауіпсіздігі саласында аудит жүргізу қағидаларында, Өрт қауіпсіздігі саласындағы аудит жөніндегі қызметті жүзеге асыруға сараптама ұйымдарын аккредиттеу, Ұйымдарда, елді мекендерде және объектілерде өрттердің алдын алу және сөндіру, өрт қауіпсіздігін қамтамасыз ету және өрттерді сөндіруге байланысты авариялық-құтқару жұмыстарын жүргізу жөніндегі жұмыстарды жүргізу құқығына кәсіби өртке қарсы қызметтерді аттестаттау қағидаларындағы жекелеген нормаларына әсер етеді.
(https://legalacts.egov.kz/arm/admin/viewcard?id=15903200).
НҚА жобасын талқылауға қатысуды сұраймыз.