НҚА жобасын орналастыру туралы хабарландыру

  Төтенше жағдайлар министрлігі НҚА жобасын «Ашық НҚА» порталында орналастыру туралы хабарлайды.

  «Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне ғылым, ғылымды қажетсінетін аумақтар, әлеуметтік қамсыздандыру, білім беру, денсаулық сақтау және әскери қызмет мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы», «Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне әскери қызметшілердің құқықтық жағдайын, қорғаныс және әскери қызметті жетілдіру мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» Қазақстан Республикасының Заңдары, сондай-ақ «Азаматтық қорғау туралы» ҚР Заңының 103-1-бабы жүзеге асыру мақсатында «Азаматтық қорғау органдарының әскери қызметшілеріне ақшалай ризықты, жәрдемақылар мен басқа да төлемдерді төлеу қағидаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Төтенше жағдайлар министрінің міндетін атқарушының 2023 жылғы 14 ақпандағы № 75 бұйрығына өзгерістер енгізу туралы» Қазақстан Республикасы Төтенше жағдайлар министрі бұйрығының жобасы әзірленді. (https://legalacts.egov.kz/arm/admin/viewcard?id=15871411).

  НҚА жобасын талқылауға қатысуды сұраймыз.