Құтқарушылар құдыққа түсіп шыға алмаған жылқыны құтқарды

Құтқарушылар құдыққа түсіп шыға алмаған жылқыны құтқарды

2022 жылғы 26 шілде күні Ақтөбе облысының ТЖД кезекшілік-диспетчерлік басқару пультіне Мұғалжар ауданы, Қандыағаш қаласы С.Торайғыров көшесі үй маңында ашық құдыққа жылқы түсіп кеткендігі туралы ақпарат түсті. Оқиға орнына жеке құрамнан 11 адам жіберілді.

Оқиға орнына құтқарушылар жеткен кезде кәріз суларын жинайтын құдыққа жылқының түсіп кеткендігі анықталды.

Құтқарушылар арқанның көмегімен жылқыны 4 метр тереңдіктен шығарды.Құтқару операциясы сәтті аяқталды.

Осы ретте құтқарушылар өңір жұртшылығына өз жануарларын қараусыз қалдырмауға кеңес береді.

 

 

 Ақтөбе облысы ТЖД

 Қоғаммен байланыс тобы