ТЖМ қызметкері - ММА-дан Қазақстан чемпионы!

ТЖМ қызметкері - ММА-дан Қазақстан чемпионы!

  Павлодар облысы Төтенше жағдайлар департаментінің қызметкері, «Batyr Team» клубының тәрбиеленушісі Айда Аблаева Астанада өткен Қазақстан чемпионатында ММА-дан алтын медаль жеңіп алды.

  54 келіге дейінгі салмақ дәрежесінде Traditional бөлімінде өнер көрсеткен Айда жеңіске жетіп, шеберлігін дәлелдеді.

  1-7 қараша аралығында спортшы Қазақстан намысын Тбилисиде (Грузия) өтетін әлем чемпионатында қорғайды. Ол 1-–20 жас санатында 52,2 келіге дейінгі салмақта өнер көрсетеді.

  Чемпионымызды мақтан тұтамыз! Айдаға жарқын өнер, қайсар жігер және халықаралық аренада жаңа жеңістер тілейміз!