
Төтенше жағдайлар министрлігі НҚА жобасын «Ашық НҚА» порталында орналастыру туралы хабарлайды.
Жоба «2026 жылғы 15 наурызда қабылданған Қазақстан Республикасының Конституциясын іске асыру жөніндегі шаралар туралы» ҚР Президентінің 17.03.2026 ж. №1206 Жарлығын іске асыру бойынша бақылауды бекітудің 5-тармағын орындау үшін әзірленді, онда мынадай бұйрықтарға өзгерістер енгізуді көздейді:
«Мемлекеттік өртке қарсы қызмет органдарына кіретін адамдар үшін алғашқы кәсіптік даярлыққа іріктеу қағидаларын және одан өту шарттарын, сондай-ақ оларды алғашқы кәсіптік даярлықтан шығару негіздерін бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Төтенше жағдайлар министрінің 2022 жылғы 15 қарашадағы № 207 бұйрығы;
«Азаматтық қорғау органдарына қызметке қабылдау, лауазымға тағайындау, орнын ауыстыру, қызметке ұсыну, демалыс беру, арнаулы атақтар беру, жұмыстан шығару және іссапарға жіберу туралы нұсқаулықты бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Төтенше жағдайлар министрі міндетін атқарушының 2024 жылғы 16 шілдедегі № 270 бұйрығы;
«Азаматтық қорғау органдарының тұрғын үй комиссиялары қызметінің тәртібін бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Төтенше жағдайлар министрінің 2025 жылғы 15 тамыздағы № 329 бұйрығы;
«Азаматтық қорғау органдары қызметкерлері мен әскери қызметшілерінің дербес деректерін қамтыған жеке істерін жүргізу қағидаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Төтенше жағдайлар министрінің 2024 жылғы 13 қарашадағы № 411 Ж/Қ бұйрығы;
«Азаматтық қорғау органдарына қызметке кандидаттың кәсіби құзыреттерін, негізгі көрсеткіштерін айқындау және бәсекеге қабілеттілік көрсеткішін (цифрлық рейтингін) есептеу тәртібі мен әдістерін бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Төтенше жағдайлар министрінің 2021 жылғы 7 қыркүйектегі № 432 бұйрығы;
«Жоғары білімнің білім беру бағдарламаларын іске асыратын Қазақстан Республикасы Төтенше жағдайлар министрлігінің арнаулы оқу орнына оқуға қабылдау қағидаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Төтенше жағдайлар министрінің 2021 жылғы 14 қыркүйектегі № 445 бұйрығы;
«Төмен тұрған құрамның әскери қызметшілерін не азаматтарды бос әскери лауазымдарға уақытша тағайындау қағидаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Төтенше жағдайлар министрінің 2021 жылғы 15 желтоқсандағы № 591 бұйрығы.
Жоба ашық НҚА порталында 2026 жылғы 25 мамырда орналастырылған (https://legalacts.egov.kz/list?&page=1&governmentId=4869186).