
Қазақстан Республикасының Төтенше жағдайлар министрлігімен «Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне құқық қорғау қызметін жетілдіру, құқық қорғау органдарының, арнаулы мемлекеттік органдардың, азаматтық қорғау органдарының қызметкерлерін және әскери қызметшілерді тұрғын үймен қамтамасыз ету және әлеуметтік қорғау, сондай-ақ ішкі істер органдарының қызметі саласында артық заңнамалық регламенттеуді болғызбау мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» Қазақстан Республикасының 2025 жылғы 30 маусымдағы Заңын іске асыру үшін «Азаматтық қорғау органдарының тұрғын үй комиссиялары қызметінің тәртібін бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Төтенше жағдайлар министрінің бұйрық жобасын әзірледі.
Жобаның мақсаты азаматтық қорғау органдарының тұрғын үй комиссияларының міндеттерін, функциялары мен құрамын көздейтін қызмет тәртібін бекіту болып табылады.
Жобаны іске асыру азаматтық қорғау органдары қызметкерлерінің, әскери қызметшілерінің және жұмыскерлерінің тұрғын үй заңнамасына сәйкес тұрғын үй мәселелерін шешу жөніндегі азаматтық қорғау органдарының тұрғын үй комиссияларының бірыңғай қызметін қамтамасыз етуге мүмкіндік береді.