Жиі қойылатын сұрақтар

Өрт қауіпсіздігі қағидаларының (ТЖМ 21.02.2022 ж. №55 бұйрығымен бекітілген, бұдан әрі - ӨҚҚ) 60-тармағына сәйкес контейнерлер топтарының арасы 18 метрден кем болмауы тиіс (әр топта 10 контейнерден көп емес).

Дегенмен, ӨҚҚ бір топтағы контейнерлердің арақашықтығы бекітілмеген.

«Өрт қауіпсіздігіне қойылатын жалпы талаптар» Техникалық регламентінің 5-тармағына сәйкес авариялық шығу – эвакуация жолына, тікелей сыртқа немесе қауіпсіз аймаққа алып келетін, адамдарды құтқару үшін қосымша шығу ретінде пайдаланылатын, алайда эвакуация жолдары мен шығу есіктерінің қажетті саны мен көлемінің өрт кезінде адамдарды қауіпсіз эвакуациялау шарттарына сәйкестігін бағалау кезінде ескерілмейтін шығу жолы (есік, люк).

Жоғарыдағының негізінде, терезе авариялық люктің қызметін атқарады.