Жиі қойылатын сұрақтар
Халықты әдеттегі зақымдау құралдарының, оның ішінде зымыран, авиация және атыс қаруларының зақымдану факторларынан қорғау үшін соғыс жағдайы кезінде немесе соғыс уақытында қарапайым пана қарастырылған («Азаматтық қорғаныс объектілерін құру және пайдалану қағидаларын бекіту туралы» ҚР Үкіметінің 2014 жылғы 19 желтоқсандағы № 1357 қаулысының).
Азаматтық қорғау саласындағы уәкілетті органның ұйымдары мен оқу орындарында оқуға жататын лауазымды адамдардың тізбесі және оқытудың кезеңділігі халықты және азаматтық қорғау саласындағы мамандарды ақпараттандыру, білімді насихаттау, оқыту қағидаларына (ҚР ІІМ 2020 жылғы 2 шілдедегі № 494 бұйрығы) 1-қосымшаға сәйкес айқындалған. Сонымен қатар, азаматтық қорғау саласындағы уәкілетті органның аумақтық бөлімшелерінде оқуға жататын тыңдаушылардың тізбесі және оқыту кезеңділігі Қағидаларға 3-қосымшада айқындалған.
Азаматтық қорғау құралымдарын құру, күтіп-ұстау, материалдық-техникалық қамтамасыз ету, даярлау және тарту қағидаларының 11-тармағына сәйкес азаматтық қорғаудың объектілік құралымдарын мынадай шарттардың біріне сәйкес келетін ұйымдар құрады:
1) «Азаматтық қорғау туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 20-бабының 3-тармағына сәйкес азаматтық қорғаныс жөніндегі санатқа жатады;
2) жұмылдыру тапсырмалары бар және (немесе) соғыс уақытында жұмысын жалғастырады;
3) ықтимал қауіпті химиялық залалдану және (немесе) ықтимал қауіпті радиоактивті ластану және (немесе) ықтимал апатты су басу аймағында орналастырылады.
«Азаматтық қорғау туралы» Қазақстан Республикасы Заңының (бұдан әрі – Заң) 8-бабының 4-тармағына сәйкес эвакуациялық іс-шараларды орындауды ұйымдастыру мақсатында орталық және жергілікті атқарушы органдарда, азаматтық қорғаныс бойынша санаттарға жатқызылған ұйымдарда эвакуациялық органдар құрылады.
Анықтама: эвакуациялық органдарға (ҚР ІІМ 06.03.2015 ж. №190 бұйрығының 46-тармағы) жатады:
эвакуациялық комиссиялар (орталық және жергілікті атқарушы органдарда, азаматтық қорғаныс бойынша санаттарға жатқызылған ұйымдарда);
эвакуациялық қабылдау комиссиялары (эвакуацияланатын және таратылатын халықты қабылдауды және орналастыруды жүзеге асыратын ауылдық аудандарда, қалаларда);
құрама эвакуациялық пункттер;
аралық эвакуация пункттері;
қабылдау эвакуациялық пункттері;
зардап шеккен халықты қабылдау пункттері.
Заңның 21-бабына сәйкес орталық және жергілікті атқарушы органдар, азаматтық қорғаныс бойынша санаттарға жатқызылған ұйымдар эвакуациялық іс-шараларды жоспарлауды алдын ала жүзеге асырады.
Эвакуацияланатын халықты қабылдау, орналастыру үшін қос мақсаттағы объектілер пайдаланылады. Қос мақсаттағы объектілер деп жинау эвакуациялық пункттері, аралық эвакуациялық пункттері, қабылдау эвакуациялық пункттері ретінде пайдаланылатын адамдар жаппай болатын Әлеуметтік сала объектілері түсініледі (ҚР ІІМ 06.03.2015 ж. №190 бұйрығының 50-3-тармағы).
Анықтама: адамдар жаппай болатын объектілерге – сауда, қоғамдық тамақтандыру, тұрмыстық қызмет көрсету кәсіпорындарының, дене шынықтыру-сауықтыру, спорт, мәдени-ағарту және ойын-сауық ұйымдарының, ойын-сауық мекемелерінің, көліктің барлық түріндегі вокзалдардың, бір мезгілде жүз және одан да көп адамның болуына есептелген ғибадат үйлерінің (ғимараттарының) ғимараттары, құрылыстары, үй-жайлары, сондай-ақ жиырма бес және одан да көп адамның бір мезгілде болуына есептелген Денсаулық сақтау, білім беру ұйымдарының, қонақ үйлердің ғимараты, ғимараты (Заңның 1-бабы).
Өрт қауіпсіздігі талаптары, оның ішінде ғимараттар мен құрылыстарды жобалау және салу кезінде сақталуы міндетті болып табылатын ғимараттар арасындағы өртке қарсы қашықтық «Өрт қауіпсіздігіне қойылатын жалпы талаптар» техникалық регламентінде белгіленген (ТЖМ 2021 жылғы 17 тамыздағы №405 бұйрығымен бекітілген, бұдан әрі – Техникалық регламент).
Техникалық регламентке сәйкес ғимараттар арасындағы өртке қарсы қашықтық олардың функционалдық мақсатына (тұрғын үй, қоғамдық, әкімшілік және т.б.) және отқа төзімділік дәрежесіне байланысты және мыналарды: минимум – 6, максимум – 15 құрайды.
Айта кету керек, өртке қарсы қашықтықты сақтау талаптары жобалау және құрылыс кезеңдерінде орындалуы керек, яғни жобалау және құрылыс ұйымдары үшін міндетті болып табылады.
Сонымен қатар, азаматтық қорғау және сәулет, қала құрылысы және құрылыс қызметі саласындағы қолданыстағы заңнамаға сәйкес азаматтық қорғау органдары құрылыс саласындағы бақылау функцияларын жүзеге асырмайды, яғни құрылысқа арналған жобалау құжаттамасын келісуге, салынып жатқан объектілердің өртке қарсы жай-күйін тексеруге, сондай-ақ құрылысы аяқталған объектілерді қабылдауға қатыспайды.
Өз кезегінде, «Қазақстан Республикасындағы сәулет, қала құрылысы және құрылыс қызметі туралы» Заңға сәйкес объектілер құрылысының сапасын мемлекеттік сәулет-құрылыс бақылауы және қадағалау, «Әкімшілік құқық бұзушылықтар туралы» Қазақстан Республикасының Кодексінде белгіленген осы объектілердегі сәулет-қала құрылысы тәртібін бұзушыларға әкімшілік ықпал ету шараларын қолдану, сондай-ақ жобалау құжаттамасының сапасын қадағалауды ұйымдастыру мен жүзеге асыруды жергілікті атқарушы органдар жүзеге асырады.
Осыған байланысты, өртке қарсы қашықтықтар бойынша ғимараттар мен құрылыстарды жобалау және салу сатыларында жол берілген бұзушылықтар анықталған жағдайда, аумақтылығы бойынша тиісті әкімдіктерге жүгіну қажет.
Кәсіпкерлік Кодекстің 144-бабына сәйкес бақылау және қадағалау органы адамның өмірі мен денсаулығына, қоршаған ортаға, жеке және заңды тұлғалардың, мемлекеттің заңды мүдделеріне төнген тікелей қатердің алдын алу және (немесе) оны жою мақсатында, нақты бақылау мен қадағалау субъектісіне (объектісіне) қатысты жоспардан тыс тексеруді тағайындауға негіз болған нақты фактілер мен мән-жайлар бойынша тағайындайтын тексеру жоспардан тыс тексеру болып табылады.
Сонымен қатар, Кодекстің 144-бабы 5-тармағының 3) тармақшасына сәйкес жоспардан тыс тексеру жүргізу үшін негіздердің бірі жеке және заңды тұлғалардың Қазақстан Республикасы заңнамасының талаптарын бұзудың нақты фактілері бойынша өтініштері болып табылады, оларды жоймау адамның өмірі мен денсаулығына зиян келтіруге әкеп соғады.
Өтініште нақты кәсіпкерлік субъектілері мен объектілеріне қатысты нақты фактілер мен мән-жайлардың болмауына байланысты осы өтініш бойынша тексеру жүргізу мүмкін емес.
Өрт-техникалық минимум (бұдан әрі – ӨТМ) бағдарламасы бойынша ұйымдардың қызметкерлерін оқыту жөніндегі (өндірістен қол үзіп) қызметтер бәсекелестік ортада болады және оны кез келген оқыту ұйымы жүргізе алады. Оқыту сапасы, баға саясаты, оқу орны және т.б. факторларды ескере отырып, ұйым басшысы оқу орталығын өз қалауы бойынша өз бетінше таңдауға құқылы.
Бұдан әрі, «Аазаматтық қорғау туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 16-бабына сәйкес ұйымдар өртке қарсы насихат жүргізуге, сондай-ақ өз қызметкерлерін өрт қауіпсіздігі шараларына үйретуге міндетті.
Өрт қауіпсіздігі қағидаларының 3-тармағының талаптарына сәйкес (ТЖМ 2022 жылғы 21 ақпандағы № 55 бұйрығы) объектідегі өрт қауіпсіздігін меншік нысанына қарамастан меншік иелері, ұйымдардың, кәсіпорындар басшылары, дара кәсіпкерлер, жеке тұлғалар, объектіні немесе үй-жайды иеленуге, пайдалануға немесе оған билік етуге құқығы бар адамдар қамтамасыз етеді.
Ұйымдардың қызметкерлерін және халықты өрт қауіпсіздігі шараларына оқыту қағидаларымен және өрт қауіпсіздігі шараларына оқыту жөніндегі оқу бағдарламаларының мазмұнына қойылатын талаптармен (ТЖМ-нің 2014 жылғы 9 маусымдағы № 276 бұйрығы) (бұдан әрі - Ереже) ұйым қызметкерлерінің объектіде өрт болған жағдайда дербес іс-қимыл жасау дағдыларын қалыптастыруға бағытталған оқытуды және өртке қарсы нұсқаманы жүргізу тәртібі регламенттелген.
Ережелердін талаптарына сәйкес жаңадан қабылданған барлық қызметкерлермен өртке қарсы кіріспе нұсқама жүргізіледі (Ереженің 10-тармағы), кіріспе нұсқамадан өтпеген адамдар қызметтік міндеттерін орындауға жіберілмейді (Ереженің 13-тармағы)
Ұйым басшысы жүзеге асырылатын қызметтің ерекшелігін (Ереженің 28 және 29-тармақтарын ескере отырып) назарға ала отырып, оқу орталығында жұмыскерлердің нақты қандай санаттарын (өндірістен қол үзіп), ал қайсысын тікелей ұйымда өндірістен қол үзбей оқытуға болатынын өз бетінше айқындайды.
Ереженің 28 және 29-тармақтарында аталмаған адамдар өрт болған жағдайда персоналдың өз бетінше әрекет ету дағдыларын қалыптастыруға бағытталған өртке қарсы нұсқаулықтан (өндірістен қол үзбей) өтеді (Ереженің 30-тармағы).
Ереженің 29-тармағында келтірілген (өндірістен қол үзбей) өртке қарсы нұсқаулықты (Ереженің 5-тармағы) және қызметкерлерді ӨТМ бағдарламалары бойынша оқытуды ұйымның басшысы немесе оқу орталықтарында оқудан өткен өрт қауіпсіздігін қамтамасыз етуге жауапты адам жүргізеді (Ереженің 30-тармағы).
Ережемен өрт қауіпсіздігі бойынша білімді тексеру жөніндегі біліктілік комиссиясы отырысының хаттамасының нысандарына қойылатын талаптар бекітілді, оған біліктілік комиссиясының мүшелері қол қояды (Ереженің 34-тармағы) және оқу орталығының басшысы қол қойған өрт қауіпсіздігі саласындағы білімді тексеру жөніндегі куәлік (Ереженің 35-тармағы).
Тиісінше, талаптарды бұза отырып берілген ӨТМ көлемінде өрт қауіпсіздігі саласындағы білімді тексеру жөніндегі куәлік жарамсыз деп есептеледі.
Сонымен қатар, ақпараттық тәртіпте азаматтық қорғау саласындағы заңнамада ӨТМ оқыту бойынша қызмет көрсететін оқытушылардың біліктілігіне қойылатын біліктілік талаптары регламенттелмегенін хабарлаймыз.
ӨТМ оқыту тиісті бағдарламаларда белгіленген, атап айтқанда, заңнамалық база, ұйымдастырушылық-техникалық іс-шаралар, өртке қарсы режим мен жүйелер, технологиялық процестің, заттар мен материалдардың өрт қауіптілігі, ұйымда өрт туындаған кездегі тәсілдер мен іс-қимылдар және т. б. зерттеуге қажетті мәселелердің кеңейтілген спектрін қамтитынын назарға ала отырып, Министрлік оқыту мен білімді тексеруді өрт қауіпсіздігі саласында білімі бар мамандарымен өткізуді ұсынады.
«Мемлекеттік емес өртке қарсы қызметтерді ұйымдарда, елді мекендерде және объектілерде өрттің алдын алу және сөндіру, өрт қауіпсіздігін қамтамасыз ету және авариялық-құтқару жұмыстарын жүргізу жөніндегі жұмыстарды жүргізу құқығына аттестаттау» мемлекеттік көрсетілетін қызметі ІІМ-нің 2018 жылғы 13 шілдедегі № 514 «Мемлекеттік емес өртке қарсы қызметтерді аттестаттау ережесін бекіту туралы» бұйрығына сәйкес көрсетіледі.
Мемлекеттік емес өртке қарсы қызметтердің аттестатын алу үшін заңды тұлғалар Қазақстан Республикасы Төтенше жағдайлар министрлігінің өртке қарсы қызмет комитетіне осы Ереженің 1-1-қосымшасына сәйкес мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандартына сәйкес құжаттарды береді.
ІІМ-нің 2014 жылғы 7 қарашадағы № 783 «Мемлекеттік емес өртке қарсы қызметтерге қойылатын рұқсат беру талаптарын бекіту туралы» бұйрығының 2-тармағына сәйкес келесі талаптар қойылады:
1) осы рұқсат беру талаптарының 1-қосымшасына сәйкес нысан бойынша меншік құқығында немесе лизинг алушы ретінде лизинг арқылы сатып алынған, көлік құралын тіркеу туралы куәліктермен, автокөлікті техникалық байқаудың диагностикалық карталарымен және негізгі өрт сөндіру автомобильдерінің өртті сөндіруге дайындығын техникалық байқау актілерімен расталған кемінде екі өрт автомобилінің болуы*;
2) меншік құқығында немесе өзге де заңды құқықта қызметкерлерді орналастыруға арналған ғимараттың немесе үй-жайдың, өрт-құтқару техникасының, жабдықтар мен жабдықтардың болуы;
3) осы рұқсат беру талаптарының 2-қосымшасына сәйкес мемлекеттік емес өртке қарсы қызметтің бір қызметкеріне арнаулы киім-кешек пен өртке қарсы құрал-жабдықтар тізбесі бойынша арнайы киім-кешекпен және өртке қарсы құрал-жабдықтармен қамтамасыз етілген штаттық қызметкерлердің саны:
- 17 адамнан кем емес, кезекші ауысымда әрбір негізгі өрт сөндіру автокөлігіне жүргізушіні қоса алғанда, 1 бөлімше бастығы, 4 қызметкер есебінен*;
- кемінде 9 адам, 1 бекет бастығы және кезекші ауысымда 2 қызметкер есебінен**
4) мемлекеттік емес өртке қарсы қызмет қызметкерлерінің осы рұқсат беру талаптарының 3-қосымшасында көрсетілген біліктілікке сәйкестігі.
Ескерту:
* - көшпелі өрт техникасы бар мемлекеттік емес өртке қарсы қызметтер үшін;
** - көшпелі өрт техникасы жоқ мемлекеттік емес өртке қарсы қызметтер үшін.
Өрт қауіпсіздігі қағидаларының (2022ж. 21 ақпандағы №55 ТЖМ бұйрығымен бекітілген) 192-тармағына сәйкес вахталық объектілердің үй-жайлары әрбір адамға жеке қорғау құралдарымен қамтамасыз етіледі.
Сонымен қатар, вахталық объектілерге вахталық әдіспен жұмысқа тартылатын қызметкерлердің тыныс-тіршілігін қамтамасыз етуге (қысқа мерзімге тұруға),
сондай-ақ құрылыс техникасына қызмет көрсетуге және тауарлық-материалдық құндылықтардың қорларын сақтауға арналған үй-жайлары, санитариялық, мәдени-тұрмыстық және шаруашылық ғимараттар мен құрылыстар кешені жатады.
Қазіргі уақытта Төтенше жағдайлар министрлігі «Өрт қауіпсіздігіне қойылатын жалпы талаптар» техникалық регламентіне (2021 жылғы 17 тамыздағы №405 ТЖМ бұйрығы) ұғымның өзін ашып көрсете отырып (адамдардың уақытша тұруына және болуына арналған) уақытша мобильді ғимараттармен вахталық үлгідегі құрылыстарға Ф1.2 функционалдық өрт қауіптілігі бойынша кіші сыныпты кеңейту бөлігінде толықтыруларды пысықтауда.