Құрылым
Республикалық құтқару қызметі «Барыс» мемлекеттік мекемесі
Республикалық құтқару қызметі «Барыс» құтқарушылары авариялық-құтқару және кезеккүттірмейтін, оның ішінде аса күрделі және аса қауіпті жұмыстарды жүргізеді, сондай-ақ республиканың су айдындарында қауіпсіздікті қамтамасыз етеді.
«Қазселденқорғау» мемлекеттік мекемесі
«Қазселденқорғау» мемлекеттік мекемесі қар көшкіндері мен селдердің алдын алу бойынша алдын ала іс-шаралар жүргізеді.
«Апаттар медицинасы орталығы» ММ
Апаттар медицинасы орталығы – бұл төтенше жағдайлардың алдын алу және оларды жоюдың бірыңғай мемлекеттік жүйесіне кіретін кәсіби медициналық қызмет.
ҚР ТЖМ "Мәлік Ғабдуллин атындағы азаматтық қорғау академиясы" ММ
Мәлік Ғабдуллин атындағы азаматтық қорғау академиясы Азаматтық қорғау органдарының офицерлерін даярлайтын жалғыз жоғары оқу орны.
«Қазавиақұтқару» акционерлік қоғамы
Төтенше жағдайлар министрлігінің құтқару авиациясы жоғары жедел әрекет етуді қамтамасыз етеді.
«Сейсмологиялық байқау және зерттеу ұлттық ғылыми орталығы» ЖШС
Сейсмологиялық байқау және зерттеу ұлттық ғылыми орталығы Қазақстан Республикасындағы сейсмикалық қауіпсіздікті қамтамасыз ету мәселелері бойынша іргелі және қолданбалы зерттеулер саласындағы жетекші ұйым болып табылады.
«Азаматтық қорғау саласындағы ғылыми зерттеулер, даярлау және оқыту ұлттық орталығы» АҚ
Халықты дайындау және оқыту азаматтық қорғау саласындағы мемлекеттік саясаттың басым бағыттарының бірі болып табылады.
Акционерное общество «Теңіз жасағы»
Қазақстан Республикасы Төтенше жағдайлар министрлігінің «Теңіз жасағы» АҚ теңіз бөлімшесі Каспий теңізінің қазақстандық секторында және одан тыс жерлерде, Каспий маңы мемлекеттерімен жасалған халықаралық келісімдер аясында мұнайдың апаттық төгілуінің салдарын жою және қауіпсіздікті қамтамасыз ету бағытында маңызды рөл атқарады.