Семей құтқарушылары еріктілердің «Мектепке жол» ақциясын қолдады.

Семей қаласы «LIDER. KZ.» қозғалысы ұйымдастырған «Мектепке жол» республикалық қайырымдылық акциясын қолдау мақсатында Семей қаласы құтқарушылары өз үлектерін қосуды шешті.
Акцияның басты мақсаты аз қамтылған және толық емес отбасылардың балаларына,сондай-ақ жетім балаларға қолдау көрсету,акция ағымдағы жылдағы тамыздың 1-нен 30-ы аралығында өтеді. .
Бүгін Семей қаласы ТЖ Басқармасында «LIDER. KZ.» еріктілер қозғалысының жетекшісі Евгений Павел бастаған белсенділерімен кездесу өтті. Семей қаласы ТЖБ бастығы Бақытбек Байбуров балаларға арналған кеңсе жинақтарынан тұратын 25 дана жинақты еріктілерге тапсырды. Сондай-ақ,құтқарушылар балаларға жылыту маусымы қарсаңында өрт қауіпсіздігі талаптарын сақтау бойынша жадынамалар салды.
Құтқарушылар Семейдің кішкентай тұрғындарын мектепке дайындау үшін барлық жаңашыр азаматтарды «LIDER. KZ.» еріктілерін қолдауға шақырады.
ШҚО ТЖД Семей қаласы ТЖБ