ТЖД құтқарушылары өртті жойып, газ баллондарын шығарды

Өскемен қаласында А. Попов көшесіндегі қараусыз қалған жеке үйдің шатырының жануы орын алды.
Келген жедел-өрт сөндіру есебімен өрт 40 ш. м. алаңда тоқтатылды.
Барлау барысында өрт сөндірушілер жану аймағынан 2 газ баллонын эвакуациялады. Зардап шеккендер жоқ.
ТЖД тұрғындардан өрт қауіпсіздігі ережелерін сақтауды, жағдайды өртке жеткізбеуді және бұзушылықтарды алдын ала жоюды сұрайды.
Қызмет бағыты