Алтынбеков Айбек

Өрт сөндіруші мамандығы – әлемдегі ең күрделі мамандықтардың бірі. Нағыз өрт сөндіруші шаршаудың не екенін білмейді, «мүмкін емес» деген сөзді білмейді. Кез-келген уақытта, кез-келген ауа-райында, ыстықта және қатты аязда, кез-келген жағдайда көңіл-күйіне қарамастан ол отқа да, суға да тәуекел етуге дайын.Әр сәтте өрт сөндірушілер қайғылы оқиға орнына бірінші болып жетіп, адамдарға барынша көмектесуге тырысады.
Зайсан ауданының №25 Өрт сөндіру бөлімінің жүргізушісі азаматтық қорғау сержанты Алтынбеков Айбек азаматтық қорғау органдарының қатарында 2021 жылдан бері қызмет етіп келеді. Қызметте өзін тек жақсы жағынан көрсетіп келе жатқан, Зайсан ауданында орын алған өрттерде, құтқару жұмыстарында белсене қатысып жүрген азамат деп айтсақ болады. Ұжымда сыйлы, әрдайым өзінің білгенін, өмірлік тәжірибелерімен бөлісіп отырады. Алтынбеков Айбек казіргі уақытта Зайсан қаласының Музыкалық актерлік шеберлік пәнінен мугалім болып жұмыс атқарып жүрген Оркашбаева Сагыныш пен бақытты отбасын құрып, кішкентай ұл бала тәрбиелеп отыр. Батылдық, жанқиярлыққа дайын болу, стресске төзімділік және керемет физикалық дайындығы, осындай қасиеттер бойынан табылған азамат деп мақтанып айта аламыз.