ШҚО ТЖД конкурс өтті

9 қыркүйек - Халықаралық сұлулық күні. Осы мереке қарсаңында ШҚО ТЖД ең сұлу қызметкеріне дауыс беру өткізділді.
Қатысушылар - ерлермен қатар қызмет өткеріп жүрген погондағы арулар. Оларға макияждың, шаш үлгісінің қажеті жоқ, олардың формасы бірдей болғанымен әрқайсысы өмірде де, қызметте де өзіне тән сұлулыққа ие, әсем жандар.
Сұлулық субьективті ұғым, сондықтан төтенше жағдайлар аруларына конкурс барысында тек назар ғана қажет болды.
Дауыс берушілер саны бойынша - Глубокое кентінің 23-ӨСБ радиотелефонисі Наталья Герасимова жеңімпаз атанды. 2008 жылдан бастап төтенше жағдайлар қызметі қатарында ол өзінің қарауылымен бірге Предгорное ауылының май зауыты мен элеваторын радиотелефоншы ретінде сөндіруге қатысты. Оның хоббиі спорт, қолөнер және туризм.